6-бөлiм. МӘҰ шығару (есептен шығару), уақытша кету және басқа жерге ауыстыру шарттары 27. МӘҰ-дан баланы шығару:
1) баланың ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) өтiнiшi бойынша;
2) 18 жасқа толғанда;
3) мүгедектiгi алынып тасталғанда жүзеге асырылады.
28. Жеке басының уәждемесi бойынша баланың уақытша (үш айға дейiн) кетуiне МӘҰ әкiмшiлiгiн жазбаша түрде хабардар етiп, МӘҰ дәрiгерiнiң қорытындысын ескере отырып және оны қабылдайтын ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) өтiнiшi болған жағдайда жол берiледi.
Ата-аналарына (заңды өкiлдерiне) бару сапарымен байланысты шығыстар өтелмейдi.
29. Баланы одан әрi оңалту үшiн бiр жылға дейiн уақытқа медициналық және бiлiм беру қызметке лицензиясы бар өзге ұйымға жiберу туралы шешiмдi МӘҰ әкiмшiлiгi баланың ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) пiкiрiн, МӘҰ дәрiгерiнiң қорытындысын ескере отырып және баланы асырауға, оған қажеттi күтiмдi қамтамасыз етуге келiсетiн қабылдаушы тараптың жазбаша мiндеттемесi болған жағдайда қабылдауы мүмкiн.
30. Балаларды МӘҰ-нан балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемеге ауыстыру медициналық ұйымның қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын, он сегiз жасқа толған балалар медициналық ұйымның және ПМПК қорытындысына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемеге ауыстырылады және бюджеттiк қаражат есебiнен ұсталады немесе балалардың қалауы бойынша үйге шығарылады.
32. Бiр өңiрде орналасқан МӘҰ-нан өзге өңiрде орналасқан МӘҰ-ға ауыстыру құрылтайшының немесе тиiстi өңiрлердiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
33. Әлеуметтiк қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болғанда балалар арнайы мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емделуге ауыстырылады.
34. МӘҰ әкiмшiлiгi қамқорлықтағы адамды шығарған немесе ауыстырған кезде МӘҰ-ның шығару немесе ауыстыру эпикризiн ресiмдейдi.
35. Баланың шығарылуы немесе ауыстырылуы МӘҰ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
36. Шығарылуы, уақытша кетуi немесе ауыстырылуы кезiнде балаға жеке өзiнiң киiмi және оған бекiтiлген маусымдық киiм мен аяқ-киiм, МӘҰ сақталатын құндылықтары берiледi.