5-тарау. МӘҰ-нан шығарудың (есептен шығарудың), уақытша кетудiң және басқа ауыстырудың шарттары 26. Қамқорлықтағы адамды МӘҰ-нан шығару:
1) қамқорлықтағы адамның өтiнiшi бойынша;
2) мүгедекке үшiншi топ мүгедектiгi тағайындалғанда (ММӘМ-де тұратын адамдар үшiн) жүзеге асырылады.
27. Қамқорлықтағы адамның жеке уәждемесi бойынша уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) шығуына МӘҰ әкiмшiлiгiне жазбаша хабарланып, МӘҰ дәрiгерiнiң қорытындысы ескерiле отырып рұқсат етiледi.
Туыстарына (өзге де адамдарға) барып-келу сапарына байланысты шығыстар өтелмейдi.
28. Қамқорлықтағы адамдарды МӘҰ-нан психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемеге ауыстыру медициналық ұйымның қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
29. Бiр өңiрде орналасқан МӘМ-нен өзге өңiрде орналасқан МӘҰ-ға ауыстыру құрылтайшылардың немесе тиiстi өңiрлердiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
30. Әлеуметтiк қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болған кезде қамқорлықтағы адамдар арнайы мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емделуге ауыстырылады.
31. Қамқорлықтағы адамдар мынадай жағдайларда:
1) Iшкi тәртiп ережесiн тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның iшiнде есiрткi заттарын қабылдау, iшiмдiкке салыну, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де құндылықтарды бүлдiру, құқыққа қарсы әрекеттер жасағанда;
2) қамқорлықтағы адам соттың шешiмi бойынша iшiмдiкке салынудың немесе есiрткi заттарды қолданудың салдарынан әрекет ету қабiлетi шектеулi деп танылған;
әрекет ету қабiлетiнiң шектеулiлiгi соттың шешiмi бойынша жойылған жағдайда қамқорлықтағы адам жалпы негiзде қайта қабылдануы мүмкiн;
3) қамқорлықтағы адам, МӘҰ әкiмшiлiгiн хабардар етпей, МӘҰ аумағынан өз бетiмен шығып кетiп, екi тәулiктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға тиiс.
МӘҰ аумағынан шығып кеткен адам жалпы негiзде ғана қайта қабылдануы мүмкiн, ал маңызды себептер бойынша, бiрақ ол жөнiнде хабардар етуге мүмкiндiгi болмаған адам қайта қабылданады.
32. МӘҰ әкiмшiлiгi қамқорлықтағы адамды шығарған, ауыстырған немесе шығарып жiберген кезде МӘҰ-ның шығару немесе ауыстыру эпикризiн ресiмдейдi.
33. Қамқорлықтағы адамның шығарылуы, уақытша шығарылуы, ауыстырылуы немесе бiржола шығарылуы МӘҰ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қамқорлықтағы адамды шығару, уақытша шығару, ауыстыру немесе бiржола шығару кезiнде жеке және өзiне бекiтiлген маусымдық киiмi мен аяқ-киiмi, МӘҰ-да сақталатын құнды заттары берiледi.