«Қолданбалы ғылымдар»


-тарау. МӘҰ-ға қабылдаудың шарттары



бет52/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3-тарау. МӘҰ-ға қабылдаудың шарттары
8. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (бұдан әрi - ММӘМ) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге мiндеттi кәмелетке толған, еңбекке қабiлеттi жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгi, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркiнен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елдi мекенде тұратын) туыстары бар адамдар (ерлi-зайыпты адамдар) ұсталады.
Ерекше жағдайларда Ардагерлер кеңесiнiң, мүгедектер iстерi жөнiндегi кеңестердiң шешiмi бойынша, жанжал себебiнен олармен бiрге тұру мүмкiн емес, кәмелетке толған, еңбекке қабiлеттi жақын туыстары бар қарттар мен бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер ММӘМ-ге тұруға қабылдануы мүмкiн.
9. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi, қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар (бұдан әрi - ҰОС мүгедектерi, қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге мiндеттi, кәмелет жасқа толған жақын туыстарының болуына қарамастан ММӘМ-ге бiрiншi кезектегi тәртiппен қабылданады.
10. Зейнеткерлер мен бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер қатарындағы тұру құны толық төленетiн шартпен қабылданатын адамдардың тiзбесiн мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардың әкiмшiлiгi дербес белгiлеуi мүмкiн.
11. ММӘМ-ге әлеуметтiк қызмет көрсетуге жiберудi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
12. Адамдарды әлеуметтiк қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
1) өтiнiш (осы Үлгiлiк Ережеге 1-қосымша);
2) уәкiлеттi органның жолдамасы (ММӘМ әлеуметтiк қызмет көрсетуге қабылдау үшiн);
3) жеке басы куәлiгi;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiгi;
5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiгi;
6) медициналық карта (осы Үлгiлiк Ережеге 2-қосымша);
7) амбулаториялық картадан үзiндi көшiрме;
8) зейнеткерлiк куәлiгi (зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн);
9) ҰОС мүгедектерiнiң, қатысушыларының және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесiн растайтын куәлiгi (ҰОС мүгедектерi мен қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар үшiн);
мүгедектер үшiн қосымша:
10) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
11) мүгедектi жеке оңалтудың бағдарламасынан үзiндi көшiрме негiзiнде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет