4-тарау. МӘҰ-да ұстаудың және қызметтер көрсетудiң шарттары 13. Қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауiпсiздiк талаптарына, оның iшiнде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиiс.
14. МӘҰ ғимараты оған кедергiсiз баруды, онда болудың, ғимараттың iшiнде жүрiп-тұрудың қолайлылығын, оңалту және ойын-сауық iс-шараларын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында арнаулы құралдармен жабдықталады.
15. МӘҰ ғимаратының iшкi үй-жайлары көлемi, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
16. Құрылтайшы МӘҰ-ды қазiргi заманғы техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етедi.
17. МӘҰ-да ұстаудың бескүндiк (алты күндiк) режимiне рұқсат етiледi.
18. Қамқорлықтағы адамдар бөлмелер бойынша денсаулығының жай-күйi, жынысы және жеке бас мүдделерi ескерiле отырып, орналастырылады.
МӘҰ-да тұратындар қатарындағы ерлi-зайыптыларға бiрге тұру үшiн оқшауланған үй-жай бөлiнедi.
19. Әлеуметтiк қызмет түрлерi әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарында көзделгеннен кем емес көлем мен түрлерде көрсетiледi.
20. Әлеуметтiк қызмет көрсету кезiнде қамқорлықтағы адамның жасы мен денсаулығының жай-күйi, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескерiледi.
21. Қамқорлықтағы адамға көрсетiлетiн әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң кезеңдiлiгi мен түрлерiн МӘҰ директоры бекiтедi.
22. МӘҰ-да тұрудың тәртiбi, уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы бекiтетiн Iшкi тәртiп ережелерiнде белгiленедi.
23. Қамқорлықтағы адамдардың бағалы заттары және құнды қағаздары, оларды иесi немесе мұрагерi талап еткенге дейiн, өздерiнiң қалауы бойынша МӘҰ әкiмшiлiгiне тапсырылуы мүмкiн.
24. Егер денсаулық жағдайы бойынша осы жұмысты iстеуге тыйым салынбаса, қамқорлықтағы адамдар жалақысы еңбек заңдарына сәйкес төленiп, жалпы үлгiдегi МӘҰ кiшi қызмет көрсетушi персоналының немесе жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылдануы мүмкiн.
25. Қамқорлықтағы адамдарға зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге деәлеуметтiк төлемдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленедi.