3-бөлiм. МӘҰ-ға кабылдаушарттары 8. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге әлеуметтiк қызмет көрсетуге жiберудi облыстық (республикалық мәнi бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
9. Балаларды әлеуметтiк қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
1) баланың ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) өтiнiшi (осы Үлгiлiк Ережеге 1-қосымша);
2) уәкiлеттi органның жолдамасы (мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге әлеуметтiк қызмет көрсетуге қабылдау үшiн);
3) туу туралы куәлiгi немесе жеке басының куәлiгi;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiгiнiң
5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiгi;
6) мүгедектiк туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
7) медициналық карта (осы Үлгiлiк Ережеге 2-қосымша);
8) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрi - ПМПК) қорытындысы;
9) амбулаториялық картадан үзiндi көшiрме;
10) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме негiзiнде жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардың әкiмшiлiгi тұру құнын толық төлеу жағдайында қызмет көрсетiлетiн адамдардың құрамын дербес белгiлеуi мүмкiн.