«Қолданбалы ғылымдар»


-бөлiм. МӘҰ мiндеттерi мен функциялары



бет42/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

2-бөлiм. МӘҰ мiндеттерi мен функциялары
6. МӘҰ-ның негiзгi мiндеттерi балаларға үй жағдайларына жақындатылған қолайлы тұрмыс жағдайларын туғызу, оларға әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес әлеуметтiк қызмет көрсету және оңалту iс-шараларын жүргiзу болып табылады.
7. МӘҰ функциялары:
1) балалардың дербес құқықтылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) әлеуметтiк қызметтер көрсету;
3) медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту жүргiзу;
4) балалардың бiлiм бағдарламаларын игеруiне жағдайлар жасау;
5) балаларды жалпы орта бiлiм берудегi мемлекеттiк жалпыбiлiм беретiн жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттар ескерiле отырып жүзеге асырылатын оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес және МӘҰ мамандарының тәртiпаралық командасы әзiрлеген жеке дамыту бағдарламалары негiзiнде оқыту;
6) қолайлы моральдiк-псхологиялық ахуал туғызу;
7) балаларды, олардың ата-аналарын (заңды өкiлдерiн) олардың құқықтары, әлеуметтiк қызметтiң көлемi мен түрлерi, Iшкi тәртiп ережелерi туралы хабардар ету;
8) балаларға келушiлердi қабылдау үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
9) балалардың сақтауға тапсырған жеке заттарының және құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
10) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж балаларға қатысты МСҰ әкiмшiлiгiне жүктелген қамқорлық немесе қорғаншылық функцияларын заңнамада белгiленген тәртiппен орындау;
Қамқорлықтағы адамдардың мүлiктiк мүдделерiн қорғау үшiн қажеттi жағдайларда және заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiкке қамқоршы тағайындалады;
11) қызметшiлер еңбегiн ұйымдастыруды жетiлдiру және бiлiктiлiгiн арттыру;
12) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету және оларды ұстаудың сапасын арттыру;
13) МӘМ-нiң қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
14) МӘМ Жарғыларына сәйкес өзге де қызметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет