6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету шарттары 23. Жеке меншiк нысанындағы МӘҰ арнаулы әлеуметтiк қызметтiң мынадай түрлерiн көрсетедi:
бюджет қаражаты есебiнен кепiлдi көлемде арнаулы әлеуметтiк қызметтер;
арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы негiзде көрсетiлетiн ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер.
Жеке меншiк нысанындағы МӘҰ мынадай:
бюджет қаражаты есебiнен кепiлдi көлемде арнаулы әлеуметтiк қызметтер;
арнаулы әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы негiзде көрсетiлетiн ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер;
МӘҰ басшысы мен ата-аналарының (заңды өкiлдерi) арасындағы шарт негiзiнде көрсетiлетiн ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер.
24. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер жеке жоспарларда көрсетiлген балалардың жеке қажеттiлiктерi ескерiле отырып, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету стандартына сәйкес ұсынылады.