«Қолданбалы ғылымдар»


Балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiгiн бағалау және айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзiрлеу



бет85/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

5. Балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiгiн бағалау және айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзiрлеу
16. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да болатын балаларға арналған арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi мен көлемiн: әдiскер, невропатолог, дефектолог мұғалiм, сенсорлық дамыту жөнiндегi дефектолог мұғалiм, логопед, психолог, ЕДШК инструкторы, еңбек жөнiндегi инструктор, дене тәрбиесi жөнiндегi инструктор, ән-күй қызметкерi және өзге де мамандар (бұдан әрi – жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мамандары) айқындайды және түзетедi.
17. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мамандары балалардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге белгiленген қажеттiлiктерiнiң негiзiнде, бiр жылдан аспайтын мерзiмге жеке жоспарларда (бұдан әрi - жеке жоспар) көрсетедi (2-қосымша) және әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандар түзетедi.
18. Жеке жоспар баланың жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға түскен күннен кейiн 14 күнтiзбелiк күн iшiнде мамандар баланы тексергеннен кейiн немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрлейдi және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы бекiтедi, 5 жұмыс күнi iшiнде толтырылады және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы бекiтедi.
19. Жеке жоспарында белгiленген оңалту iс-шаралар кешенi жеке жоспарда белгiленген мерзiмде iске асырылады.
Балалардың қажеттiлiгi мен олардың даму динамикасы мамандардың ұдайы (тоқсанына бiр реттен кем емес) қарауына жатады.
Жеке жоспардың орындалуының аралық мониторингi мен баланың жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындылары журналға/электронды картотекаға тiркеледi.
20. Әрбiр маман арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге (жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ дербес әзiрлейдi) лауазымдық нұсқаулығына және жұмыс (оқу-түзету, анимациялық жоспар, медициналық жұмыс жоспары, жеке жоспарлар) жоспарына сәйкес қатысады.
21. Барлық мамандарға қатысты қызмет мiндеттерiнiң сапалы орындалуына жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ әкiмшiлiгi тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Балалардың жеке жоспарларының орындалуын бақылау әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманға жүктеледi.
22. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мамандары қажетiне қарай баланың жеке жоспарын түзетедi және өткiзiлген iс-шаралар мен тоқсан сайынғы мониторинг нәтижелерiн журналда көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет