«Қолданбалы ғылымдар»


МӘҰ-ға қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары



бет93/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. МӘҰ-ға қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары
6. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн МӘҰ-ға жiберудi облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
7. Меншiк нысаны жеке МӘҰ қамқорлықтағы адамдарды қабылдауды шарт негiзiнде жүзеге асырады.
8. Қамқорлықтағы адамдарды МӘҰ-ға қабылдау және бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету мынадай құжаттардың:
1) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсынған жағдайда);
2) қамқорлықтағы адамның заңды өкiлiнiң өтiнiшi (осы Үлгi ережеге 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
3) қамқорлықтағы адамның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (көшiрмесi);
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (көшiрмесi);
5) жеке әлеуметтiк код беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (көшiрмесi);
6) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
7) медициналық картасы (осы Үлгi ережеге 2-қосымша);
8) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
10) соттың тұлғаны әрекет етуге қабiлетсiз деп тану туралы шешiмiнiң (болған жағдайда) негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Қамқорлықтағы адамдарды меншiк нысаны жеке МӘҰ-ға қабылдау және ақылы негiзде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету мынадай құжаттардың:
1) қамқорлықтағы адамның заңды өкiлiнiң өтiнiшi (осы Үлгi ережеге 1-қосымша);
2) қамқорлықтағы адамның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
4) медициналық картасы (осы Үлгi ережеге 2-қосымша);
5) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
6) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрменiң көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
10. Қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайы:
санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiгi, оның iшiнде өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес болуға;
қамқорлықтағы адамдардың жоғары белсендiлiгi мен әлеуметтенуiне мүмкiндiк тудыратын тұрмыстық ұқсас жағдай жасауда қамқорлықтағы адамдардың жеке қажеттiлiктерi, қамқорлықтағы адамдарды бiрге тұру үшiн iрiктегенде психологиялық үйлесiмдiлiгi ескерiлуге тиiс.
11. МӘҰ-ның ғимараты тұру жағдайын, оңалту iс-шараларын өткiзу, демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, оған кедергiсiз бару, орынжай iшiнде және ғимаратқа iргелес орналасқан аумақта жүрiп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
12. Құрылтайшы МӘҰ-ның заманауи техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етедi.
13. Әлеуметтiк-тұрмыстық күтiмдi ұйымдастыруды және қызмет көрсетудi жақсарту, оларды оңалту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында қамқорлықтағы адамдар бөлiмшелер мен бөлмелерге денсаулық жағдайы, жасы (18 бастап 23 дейiн, 23 бастап 35 дейiн, 35 бастап 50 дейiн, 50 және одан үлкен), жынысы, психологиялық үйлесiмдiлiгi, жеке даму және әлеуметтену деңгейi ескерiле отырып орналастырылады.
14. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер Әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде және түрлерде көрсетiледi.
15. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету кезiнде қамқорлықтағы адамдардың мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескерiледi.
16. МӘҰ-да тұрақты және уақытша тұрудың тәртiбi МӘҰ басшылығы бекiтетiн iшкi тұру тәртiбi ережесiнде айқындалады.
17. Жүрiс-тұрысы бiрқалыпты, еңбек дағдылары қалыптасқан және оларды еңбек қызметiнде iске асыруға оң нұсқамасы бар, мiнезi бiрқалыпты және эмоционалды-жiгерлi өрiсi орнықты қамқорлықтағы адамдар еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметi жағдайымен және еңбекақымен қамтамасыз ете отырып, МӘҰ-ға кiшi қызмет көрсету қызметшiлерiнiң және жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте, МӘҰ басшысы бекiтетiн МӘҰ дәрiгерi мен тәртiпаралық комиссияның еңбек етуге жiберу туралы қорытындысы болуға тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет