«Қолданбалы ғылымдар»


Стационарлық үлгiдегi психоневрологиялық



бет91/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Стационарлық үлгiдегi психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)
әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стационарлық үлгiдегi психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi (бұдан әрi – Үлгi ереже) стационарлық үлгiдегi психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң (ұйымдардың) (бұдан әрi – МӘҰ) қызмет тәртiбiн, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектердi МӘҰ-ға қабылдаудың, ұстаудың, шығарудың (шығарып жiберудiң), олардың уақытша кетуiнiң және ауыстырылуының шарттарын және мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы субъектiлердiң стационар жағдайында оларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
2. МӘҰ барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн);
барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда;
жiтi психотиялық симптоматикасының болмауымен, жарыместiгi немесе психикалық кемiстiгiнiң өрескел көрiнуiмен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлерi;
психотиялық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектiсi айқын бiлiнетiн шизофрения;
жарыместiк белгiлерi мен сирек тырыспа және эквиваленттерi (айына бес реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлi нысандары;
жарыместiк белгiлерi бар бас-ми жарақаттары;
жарыместiк белгiлерi бар бас, мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулездi менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисi және т.б.);
айқын бiлiнетiн жарыместiк белгiлерi бар тұрақты алкоголизм;
айқын бiлiнетiн психомоторлық мазасыздығы жоқ және есiнiң өзгеру жай-күйiнiң ұзақ немесе қайталанатын жарыместiк белгiлерi жоқ қан-тамыр және сенильдiк аурулар салдарынан стационар жағдайында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер қатарындағы психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан адамдардың уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ауру процесiнiң белсендi стадиясындағы туберкулездiң, карантиндi инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы, сондай-ақ жiтi және қатты стадиядағы психикалық аурулар, созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайы, айқын бiлiнетiн психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мiнез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетiлетiн адамның өзiне және айналасындағыларға қауiптi психикалық аурулардың, атап айтқанда:
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ұстамалы түрдегi немесе жиi өршiмелi немесе аурудың жиi декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендтi өтетiн кез келген психикалық аурулар;
эпилепсия және басқа этиологиядағы жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм тырыспалы синдром;
тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерiнен асқынған басқа да психикалық аурулар;
түрлi генездегi депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивтi жай-күйлер;
айқын бiлiнетiн психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивтi, параноидтi, паранояльдiк, қояншық ауруларының болуы МӘҰ-да әлеуметтiк қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.
3. МӘҰ заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметiн құрылтай құжаттарына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның, медициналық, дәрiгерлiк қызметке берiлген лицензияның негiзiнде жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет