2. МӘҰ мiндеттерi мен функциялары 4. МӘҰ-ның негiзгi мiндеттерi:
1) қамқорлықтағы адамдарға үй жағдайына жақындатылған қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 3 қарашадағы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5766 тiркелген) № 323-ө бұйрығымен бекiтiлген халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандартына (бұдан әрi - Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарты) сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
3) арнаулы әлеуметтiк қызмет кешенiн көрсету кезiнде қамқорлықтағы адамдардың жеке қажеттiлiктерiн ескеру болып табылады.
5. МӘҰ-ның негiзгi функциялары:
1) қамқорлықтағы адамдардың жеке басының дербес құқықтылығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек дағдыларын және қарым-қатынас функцияларын дамыту және сақтауға;
жеке даму деңгейiн жоғарылатуға, әлеуметтендiру және кiрiктiруге бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
3) қолайлы моральдiк-психологиялық жағдай жасау;
4) қамқорлықтағы адамдардың құқықтары, әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi, iшкi тәртiп ережесi туралы олардың отбасы мүшелерiн хабардар ету;
5) келушiлердi қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
6) қамқорлықтағы адамдардың сақтауға берiлген жеке және бағалы заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) психикалық аурудың немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға қатысты МӘҰ-ның әкiмшiлiгiне жүктелген қамқоршы функцияларын «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы белгiленген тәртiппен орындау;
8) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру;
9) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру және қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту;
10) МӘҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
11) МӘҰ-ның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.