5. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету шарттары 27. Меншiк нысаны мемлекеттiк МӘҰ арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң мынадай түрлерiн:
бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiн;
арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы негiзде ұсынылатын ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетедi.
Меншiк нысаны жеке МӘҰ арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң мынадай түрлерiн:
бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiн;
арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы негiзде ұсынылатын ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi;
МӘҰ мен қамқорлықтағы адамның заңды өкiлiнiң арасында жасалатын шарт бойынша ақылы негiзде ұсынылатын, тараптардың келiсiмiмен белгiленген көлемдегi арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетедi.
28. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер жеке жоспарда көрсетiлген қамқорлықтағы адамдардың жеке қажеттiлiктерi ескерiле отырып, Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету стандартында көрсетiлгеннен кем емес көлемде ұсынылады.
29. МӘҰ-ның әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманы қамқорлықтағы адамдардың созылмалы дамушы аурулар немесе терминалды дамуы кезiнде паллиативтi көмекке мұқтаждығын анықтаудың ай сайынғы мониторингiн жүргiзедi.
30. Паллиативтi көмекке мұқтаж қамқорлықтағы әрбiр қамқорлықтағы адам үшiн дәрi-дәрмектерге, құралмен, техникалық қамтамасыз ету және адам ресурстарына (жетекшi дәрiгер, тәулiк бойғы медициналық пост, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер) мұқтаждығы айқындалады, МӘҰ басшысы бекiтетiн паллиативтi көмектiң жеке алгоритмi әзiрленедi.