«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату



бет88/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

8. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату
30. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату:
1) баланың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) бiреуiнiң өтiнiшi бойынша;
2) медициналық қарсы айғақтамалар болғанда жүзеге асырылады.
9. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ны басқару
31. Жартылай стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекеменiң басшысын - уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы (бастамашы) қызметке тағайындайды және босатады.
32. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның штат санын уәкiлеттi орган, не құрылтайшы (бастамашы) бюджет қажеттiлiктерiн және мүмкiндiктерiн ескере отырып дербес бекiтедi.
33. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы:
жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның жұмысын ұйымдастырады және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйi, балаларға көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтiң мазмұнының сапасы үшiн дербес жауаптылықта болады;
сенiмхатсыз жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ атынан әрекет етедi, мекемелер мен ұйымдарда оның атынан өкiлдiк етедi, заңнамада белгiленген тәртiппен жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мүлкiне және қаражатына иелiк етедi, шарттар жасасады, сенiмхаттар, оның iшiнде қайта сенiмгерлiк құқығымен сенiмхаттар бередi, банктерде жартылай стационарлық үлгiдегi МӘМ шоттарын ашады;
кадрларды iрiктеудi және орналастыруды қамтамасыз етедi, персоналдың жұмысына, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға балаларды жинақтауға қатысады;
жабдықталған кабинеттердiң болуын ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi мамандардың (психолог, логопед, дефектолог мұғалiм, сенсорлық дағдыларды дамыту жөнiндегi дефектолог мұғалiм, музыкалық жетекшi, дене шынықтыру мұғалiмi, еңбек мұғалiмi, емдiк шынықтыру инструкторы (бұдан әрi - ЕШИ), массаж жөнiндегi медбике, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман) жаңа штаттық бiрлiктерiн қалыптастырады;
жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасайды/бұзады, қызметкерлердi ынталандырады, тәртiптiк жаза қолданады.
34. МӘҰ-да шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол МӘҰ-ның басшысында сақталады және келушiлердiң бiрiншi талабы бойынша берiледi.
35. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын МӘҰ-ның басшысы апта сайын, ал уәкiлеттi орган - ай сайын қарайды.
36. МӘҰ-ның басшысы, құрылтайшы (бастамашы) мен уәкiлеттi орган шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылдауға тиiстi.
37. Заңды және жеке тұлғалардың қаражатын аудару үшiн жартылай стационарлық үлгiдегi МӘМ-нiң заңнамада белгiленген тәртiпте демеушiлiк, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкiн.
38. Үкiметтiк емес және коммерциялық ұйымдар жартылай стационар жағдайындағы қызметтердi арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемi шеңберiнде бюджет қаражаты есебiнен, ал кепiлдi көлемiнен тыс – ақылы негiзде ұсынады.
39. Жартылай стационар жағдайында балаларға қызметтi үкiметтiк емес және коммерциялық ұйымдар бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
40. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң (бұдан әрi - тапсырыс берушi), үкiметтiк емес және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты шарт бойынша орындаушы ретiнде әрекет ететiн үкiметтiк емес және коммерциялық ұйымдардың (бұдан әрi - қызметтердi жеткiзушi) арасындағы қатынастар жартылай стационар жағдайында балаларға қызмет көрсету жөнiндегi мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен немесе жартылай стационар жағдайында балаларға көрсетiлетiн қызметтерi мемлекеттiк сатып алу туралы шартпен ресiмделедi.
41. Қызметтердi жеткiзушi мен балалардың ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) арасындағы қатынастар Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету туралы шартпен (бұдан әрi - Шарт) ресiмделедi.
Шартта жартылай стационар жағдайында көрсетiлетiн қызметтердiң кезеңдiлiгiн және түрлерiн көздейтiн талаптардың, күндiзгi болу режимi туралы ақпараттың, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершiлiктерi, Шарт мерзiмiнiң және iске асырылуының болуы мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет