«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге талаптар



бет87/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

7. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге талаптар
25. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер:
1) пайдалануға берiлген тұрғын орынжайлар, жұмсақ инвентарь санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болуға тиiс; 
балалардың пайдалануына берiлетiн жиһаз, жабдық балалардың жасына, психо-физикалық ерекшелiктерiне сәйкес болуға тиiс;
2) 4 сағаттан асатын режимде жартылай стационарда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарға және бекiтiлген тамақтану нормаларына сәйкес ыстық тамақ берiледi, оған жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ басшысы ағымдағы апталық мәзiрдi және екiншi аптаға перспективалық мәзiрдi бекiтедi;
4 сағатқа жетпейтiн режимде жартылай стационарда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жағдайында тамақ беру (таңертеңгi жеңiл ас, түстен кейiнгi ас және басқа) ұйымдастырылады.
3) жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтердi ұсынуды iшкi бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелерi электронды картотека/журналда тiркеледi.
26. Әлеуметтiк-медициналық қызметтер:
1) балаларды кезеңiмен медициналық-әлеуметтiк зерттеп тексеру (қажет кезiнде, денсаулық сақтау қызметкерлерiн тарта отырып), емдеудiң, консультация берудiң медициналық бөлiгiнiң жеке жоспарын, алдын-алу мен оңалту iс-шараларын әзiрлеу;
2) дәрiгерге дейiнгi көмектi уақытында көрсету;
3) балалар денсаулығының жай-күйiн күн сайын қадағалау;
4) дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу;
5) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру;
6) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;
7) ауруханаға жатқызуды жедел ұйымдастыру және денсаулық сақтау ұйымына барғанда балаларға iлесiп жүру;
8) бала жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-дан шыққан кезде, әлеуметтiк-медициналық қызметтер көрсетушi мамандарға ұсынымдар беру;
9) ЖОБ-қа сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу;
10) отбасы мүшелерiн балаларды жалпы күтудiң практикалық дағдыларына үйрету.
Сауықтыру-емдеу iс-шараларын жүргiзу журналға тiркеледi.
27. Әлеуметтiк-психологиялық қызметтер:
1) баланың мерзiмдiк психологиялық диагностикасы мен тексеру жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ басшысы бекiтетiн психодиагностикалық пакет негiзiнде жүзеге асырылады;
2) байқап-қадағалауды жүзеге асыру негiзiнде диагностика нақтыланады, қажеттi түзету iс-шаралары, әлеуметтiк-психологиялық консультация беру, медициналық-психологиялық көмек белгiленедi;
3) жеке немесе топтық сабақтар түрiнде психологиялық көмек көрсету;
4) шұғыл психологиялық және медициналық-психологиялық көмек көрсету;
5) баланың жеке жоспарын (қажет болған жағдайда) түзету, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
Балалармен өткiзiлген жеке және ұжымдық iс-шаралар, оларға қатысқан балалардың саны туралы ақпаратпен қоса мамандардың журналында көрсетiледi. Оңалту iс-шаралары нәтижелерi мен уақытылы психологиялық көмек көрсетудi бақылаудың қорытындылары да мамандардың журналында (электронды картотекасында) көрсетiледi.
28. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер:
1) кезең-кезеңiмен балаға әлеуметтiк-педагогикалық диагностика және тексеру жүргiзу;
2) балаға диагностика және тексеру жүргiзудiң нәтижелерiн жеке жоспарда көрсету;
3) өзiне-өзi қызмет көрсету, жеке гигиена, әлеуметтiк-тұрмыстық және тағы да басқа дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау;
4) тұрмыстық бағдарлау (тамақ даярлау, дастархан жасау, ыдыс жуу, пәтердi тазалау және т.б. дағдылардың) негiздерiн үйретуге жағдай жасау;
5) қол шеберлiгi және қолынан келетiн еңбекке бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жөнiнде жағдай жасау және оқытуды ұйымдастыру;
6) жеңiл және орташа ақыл-ой кемiстiгi бар балаларды түзете-дамытып оқытуды ұйымдастыруды МӘҰ мамандары және (немесе) бiлiм беру жүйесiнiң мамандары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен арнайы бағдарламалар бойынша (бiлiм беруге шарттары болғанда) жүзеге асырады; ауыр және күрделi ақыл-ой кемiстiгi бар балалар үшiн өз-өзiн күту, жүрiп-тұру, сенсорлық және когнитивтiк дағдыларды қалыптастыру жөнiндегi қызметтi балалардың жеке қажеттiлiгi ескерiле отырып әзiрленген (авторлық) бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады;
7) әлеуметтiк дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқыту үшiн дефектолог мұғалiмдердiң балаларды топтар (сыныптар) бойынша (3 жастан 5 жасқа дейiн; 6 жастан 8 жасқа дейiн; 9 жастан 13 жасқа дейiн; 14 жастан 18 жасқа дейiн) жас ерекшелiктерiн ескере отырып:
өзiне өзi қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болмаған жағдайда - 6 адамнан асырмай;
қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) өзiне өзi қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда - 8 адамнан асырмай;
қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда - 10 адамнан асырмай;
қалыптасқан қолымен жұмыс iстей алу дағдылары болған жағдайда (еңбек бағдарлары бағдарламаларын iске асыру үшiн топ 6 адамнан тұратын кiшi топтарға бөлiнедi) - 12 адамнан асырмай таратып бөлуi;
8) балалардың оқу-тәрбие жұмысы мен еңбекке баулудың негiзгi мәселелерiн шешу мақсатында, құрамы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘМ басшысымен бекiтiлетiн педагогикалық кеңестi (қажеттiгiне қарай) құру;
9) анимациялық қызметтер, бағдарламалар мен оларды өткiзу сценарийлерiн ұсыну жөнiндегi жоспарды әзiрлеу;
10) балаларды оқыту нәтижелерiн аралық бағалауды жүргiзу.
Түзете-дамыту және жалпы бiлiм беру барысы және (қажеттiгiне қарай) балаларды оқытудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу, аралық бақылаудың қорытындылары журналда/электронды картотекада көрсетiледi.
11) жаппай және жеке жұмыс iстеуге арналған барлық кабинетке кабинет паспорттары ресiмделедi, оның нысанын әрбiр жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ дербес бекiтедi.
29. Әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-құқықтық қызметтер Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету стандартына сәйкес ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет