Қолданбалы Геодезия


Қолданбалы геодезия пәнi және тапсырмалары



бет8/14
Дата28.01.2022
өлшемі473,78 Kb.
#130082
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint Олжас

Қолданбалы геодезия пәнi және тапсырмалары.

  • Қолданбалы геодезия пәнi және тапсырмалары.
  • 1. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстардың ерекшелiгi.
  • 2. Қолданбалы гедезия курсының мамандықтын басқа пәндерімен байланысы.
  • 3. Қолданбалы геодезияның қазіргі заманғы құрылыстағы даму сатысы.
  • Қолданбалы геодезия пәнінің зерттеу объектісі болып құрылыс өндірісінде, тау-кен барлау ісінде, табиғи ресурстарды зерттеуде, ғимараттарды салыстыруда туындайтын әртүрлі халықшаруашылық және ғылыми тапсырмаларды қамтамасыз ететін топографиялық-геодезиялық әдістер табылады.
  • Қолданбалы геодезияның құрамдас бөлігіне:
  • Трассалар мен аудандардағы топографиялық-геодезиялық ізденістер;
  • Ғимаратты инженерлік-геодезиялық жобалау;
  • Геодезиялық бөлу жұмыстары;
  • Конструкциялар мен технологиялық құрылғыларға геодезиялық салыстырулар жүргізу;
  • Ғимараттың шөгуін бақылау және оны негіздеу.
  • Осы әрбір бөлік инженерлік-құрылыс процесінің жекелеген кезеңдерінде қолданылып, міндеттерді шешуінде және өлшеу дәлдігінде ерекшеліктерге ие.
  • Топографиялық-геодезиялық ізденістер – ең көп таралған жұмыс түрі. Онда құрылыс ауданында жобалық және биіктіктік тірек торларын тұрғызу; ауданның ірімасштабты топографиялық түсірісін жүргізу; сызықты құрылыстарды трассалау; геологиялық қазындылармен, гидрологиялық створлармен, геофизикалық барлау нүктелерімен геодезиялық байланыстыру жұмыстары жүргізіледі.
  • Топографиялық-геодезиялық ізденістер ғимаратты жобалаудың басты негізі болып табылады, әрі басқа ізденіс түрлерінің бастауы болып саналады. Әсіресе аэроізденіс әдісі кең қолданысқа ие.
  • Инженерлік-геодезиялық жобалауға ғимараттың жобасын әзірлеумен қатар мынадай жұмыс кешендері кіреді: қажетті масштабтағы пландар мен профильдер топографиялық негізден алынады; ғимараттың бас жоспары жасалады; жобаны жер бетіне шығарудың геодезиялық дайындық жұмыстары; горизонталь және вертикаль жобалаудың тапсырмаларын шешу; аудандар мен көлемін есептеу жұмыстары.
  • Ғимараттарды бөлу жобаны жер бетіне шығару кезінде орындалатын негізгі геодезиялық жұмыстың түрі болып табылады. Талапқа сәйкес мұнда геодезиялық негіздің жоғары дәлдігі мен түсіріс жұмыстарына қарағанда, геодезиялық өлшемдердің туралығы қатаң бақыланады. Бөлу жұмыстарының құрамына: бөлу негізін триангуляция, полигонометрия, құрылыс торы, трилатерация түрінде тұрғызу; бөлу негізінен ғимараттың бас өстерін жер бетіне шығару; жерасты коммуникацияларының фундаментінің құрылысына арналған бөлшекті бөлу кіреді.
  • Ғимараттардың шөгуін бақылау жоғары дәлдікті геодезиялық әдістермен орындалып, фундаментті құрайтын шөгінді жыныстарды өлшеуді біріктіреді; ғимараттың жобада араласуын анықтау; биік ғимараттардың, құбырлардың қисайуын (еңістенуін) бекітеді.
  • Қолданбалы геодезияның негізгі ғылыми-техникалық міндетіне:
  • Инженерлік ғимараттардың негізгі түрлеріне жататын геодезиялық құрылымдардың ғылыми негізделген схемасын және программасын жасау;
  • Инженерлік ғимараттардағы ізденіс, бөлу және салыстыру жұмыстарын жаңа заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, геодезиялық аспаптар мен тиімді әдістерді пайдалану;
  • Ірі инженерлік ғимараттарды салу кезінде жинақталған отандық және шет елдік тәжірибелерді біріктіру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет