Байланысты: Презентация Microsoft PowerPoint Олжас
Инженерлiк құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердiң бетiнде болашақ құрылыстың планы мен биiктiгi бойынша орнын анықтау үшiн жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенiн айтады. Бөлу жұмыстары өзiнiң орындалу мәнi бойынша топографиялық түсiрiске керi үрдiс болып табылады. Топографиялық түсiрiсте ситуация мен рельефтiң ерекше нүктелерi жердiң бетiнен планға түсiрiледi, ал бөлу үрдiсiнде, керiсiнше, топографиялық планда жобаланған құрылысты жердiң бетiне шығарады. Жобадан жердiң бетiне шығару бiрнеше кезеңнен тұрады: