Пландық-биiктiк геодезиялық негiзi мен басты бөлу өстерi нүктелерiнiң орнын анықтау және оларды бекiту үрдiсi құрылысты бөлудiң негiзгi кезеңiне жатады. Бұл кезең торларды қабылдау актысын жасаумен аяқталады. құрылысты толық бөлу құрылыстың жеке бөлiктерi мен элементтерiнiң қосымша және көлденең осьтерiн бөлуден басталады.
Инженерлiк құрылысты бөлудiң негiзгi элементтерi мен әдiстерi. Құрылыстың жеке элементтерiн бөлу жер бетiнде жақсы бекiтiлген тiрек торларының нүктелерi мен сызықтарынан немесе құрылыстың басты бөлу өстерiнен басталып орындалады. Инженерлiк құрылысты салу кезiнде бөлу жұмыстарының негiзгi элементтерiне жататындар: жоба горизонталь бұрышты салу, жоба арақашықтықты салу, жерге жоба биiктiгiн шығару, жоба еңiстiгiнiң сызығын шығару, жоба жазықтығын салу.