- бас және топорграфиялық пландардың масштабтары 1:5000-1:500, бұнда құрылыстың пландық-биiктiк қалпы, оның пiшiнi, мөлшерi және бiрi-бiрiне өзара орналасуы көрсетiледi
- бас және топорграфиялық пландардың масштабтары 1:5000-1:500, бұнда құрылыстың пландық-биiктiк қалпы, оның пiшiнi, мөлшерi және бiрi-бiрiне өзара орналасуы көрсетiледi;
- құрылыстың негiзгi қималарының бойлық пен көлденең профильдерi, мұнда құрылыстың бөлiктерiнiң жердiң бетiнен биiктiкпен орналасуы көрсетiледi;
Инженерлiк құрылысты жобадан жер бетiне шығару үшiн iстелетiн геодезиялық жұмыстардың алдында жобалық деректерi дайындайды. Бұл дайындық кезiнде жоба шамалары көрсетiледi және есептелiнедi, сызбадан алынбаған деректер өлшенедi. Бұлар бөлек журналға жазылып, жоба сызбалары жасалынады. Әр жұмысқа байланысты бөлек бөлу сызбасы жасалынады, ол инженерлiк құрылыстың әр бөлiгiндегi деректердi қамтиды.
Бөлудiң пландық тiрек торлары құру бөлетiн инженерлiк құрылыстың пiшiнi мен мөлшерiне, орналасу жағдайына, бөлу жұмыстарының әдiсi мен дәлдiгiне және негiзгi пункттердi ыңғайлы орналастыруына байланысты болады. Пландық тiрек торлары үшiн мемлекеттiк геодезиялық торлар мен толықтыру торларының нүктелерi, инженерлiк iзденiсте салынған геодезиялық торлар мен құрылысқа байланысты жаңадан құрылған геодезиялық торлардың нүктелерi қолданылады.