Геодезия пәнінің негізгі міндеттеріне: - Жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде анықтау; - Тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу; - Республикамыздың қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады. Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотографияметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өңдеуде осы күнгі ғылыми математикалық өңдеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әртүрлі – цифрлық және электронды машиналар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |