Қолданбалы геодезия –ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс жабдықтарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарға геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.