«Қолданбалы математика» 11-класс Дайындаған: Салықбаева М.Қ. математика пәні мұғалімі Аққайтым ауылы 2017-2018 оқу жылы «Жаңақоныс орта мектебі»



бет2/9
Дата14.09.2022
өлшемі55,86 Kb.
#149482
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
таңдау курсы 10-11

Түсінік хат
Математикада қолданбалы курс оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктер мен мүмкіндіктері,пәнге деген ұмтылыстары,оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.
«Анализ бастамалары» бөлімі төменгі сынып алгебра курсының жалғасы және математикалық анализ элементтерін оқып үйренудің бастамасы болып табылады.Оқушылар меңгеруге тиіс білім және біліктілігі,сонымен бірге кіреді,олардың білім сапасының жоғары болуына көңіл бөледі.Оқушылар теориялық материалдарды нақты әрі тура тұжырымдауға және есептер шығаруға өз ойларын жеткізе білуге математикалық терминдерді дұрыс пайдалануды меңгеру қажет.
Математикадан қолданбалы курс оқыту ең алдымен оқушылар білімін дамыту,жаттығулар орындауда іскерлік дағдысын қалыптастыру,негізгі бағдарламалық материалдарды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді.Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуіне,теориялық материалды талдап түсінуіне көмектеседі.
Қолданбалы курс өмір өзі талап етіп отырғандай қолданбалы бағытта оқыту-оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Математиканың қолданбалы бағытын көрсету оқушылардың қөз-қарасын қалыптастырады.Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып,оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады.Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне,оны өмірде,кәсіпте қолдануға қажет болады.Математикалық анализдің элементтерін оқып-біле отырып,оқушылар оның қолданбалы мүмкіндігін бағалап және меңгеру дағдысын ашады.
Оқушыларға терең және тиянақты білім беру,оқу пәндерін өзара байланыстыру,ойлау,пікірлесу қабилеттерін дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушылардың білімдері мен икемділіктерін,өз ойларын жеткізе алу дағдыларын жетілдірудң мәні ерекше.
Негізгі мектеп курсында тақырыптарда кейбір мәселелер толық ашылып,айтылмағандықтан,жаратылыстану-математика бағыттағы сыныптарға қолданбалы курстарына «Қолданбалы математика» курсы алынып отыр.Бұл материалдарға қосымша,жаңа түсіндірулер,ұғымдар туралы тарихи мағлұматтар енгізіліп отыр.

Математика пәнінен қолданбалы курстың алға қойған мақсаты:

-негізгі бағдарламалық материалды жоғары дәрежеде меңгеру;


-оқушының өз бетімен жұмыс істеуін,өз беттерінен еңбектенуіне дағдыландыру;
-оқушылардың математика пәніне ынтасын,қызығушылығының мүмкіндіктерін арттыру;
-күрделі есептерді,логикалық есептерді шығаруға төселдіру;
-оқушылардың бейімділігін ескере отырып,оны дамыта түсүдің нәтижелі жолдарын қарастыру;
-ізденуге,шығармашылық әрекетке ұмтылдыру;
-оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай,оларға кәсіптік бағдар беру.
Міндеттері
-білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімдерді меңгерту ;
-әртүрлі тізбектер,шаршылар құру заңдылықтарын талдатып,логикалық ойлау операциясын қалыптастыру;
- математикалық дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне,оны өмірде кәсіпте қолдануға тәрбиелеу;
-элементар функцияларды тексергенде кейбір функцияның қосындысы(айырмасы) немесе көбейтіндісі(бөліндісі) ретінде қолдана білу;
-берілген функцияларды толықтай зерттеп білуге дағдыландыру;
-бүгінг оқушы-ертеңгі жаңа заман талабына сай,қоғам қажеттілгін өтейтін маман екендігін түсіну.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет