Ќолданбалы тіл ќЎрал


-тарау 171 Құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру 171



бет3/91
Дата20.05.2023
өлшемі1,67 Mb.
#177306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Ќолданбалы тіл ќЎрал

5-тарау 171
Құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру 171
5.1. Құжат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер 171
5.2. Құжаттарды тіркеу және есепке алу 175
5.2.1. Тіркеу нысандары 176
5.2.2. Тіркелмейтін құжаттар тізбесі 178
5.2.3. Келіп түскен құжаттарды тіркеу 179
5.2.4. Жіберілетін құжаттарды әзірлеу және тіркеу 183
5.2.5. Ішкі құжаттардың қозғалу барысы 185
5.3. Іс құжаттарының орындалу мерзімдері және орындалуын бақылау 185
5.4. Компьютер арқылы іс қағаздарын жүргізу 189
5.4.1. Электронды құжатты жасау тәртібі 190
5.4.2. Электрондық қолтаңба 193
5.4.3. Дербес компьютерді пайдаланып құжат айналымын ұйымдастыру 194
5.5. Құжат айналымының көлемін есепке алу 195
5.6. Мекемелер мен кәсіпорындарда таратылуы шектелген, құпия құжаттарды қорғау және олармен жұмыс жүргізу тәртібі 195
5.7. Іс қағаздарының номенклатурасы, құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау 203
5.7.1. Іс қағаздарының номенклатурасы 203
5.7.2. Іс қағаздарын қалыптастыру 210
5.7.3. Құжаттарды сақтауға және пайдалануға дайындау 211
5.8. Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру 215
5.8.1. Мекемелер мен ұйымдардағы электрондық мұрағат және оның құжат айналымындағы орыны 224
5.9. Іс қағаздары мен құжат айналымы жүйесін автоматтандыру 225
Әдебиеттер тізімі 228
Қорытынды 231
Қосымша 232
І. Іс қағаздарының қысқаша түсіндірме сөздігі 232


Алғы сөз


Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам дүниеге келген сәттен бастап бақилық болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан жоқ, сірә. Адам баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның бәрін арнайы ретпен, белгіленген тәртіпке, жүйеге сәйкес жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, әрбір азамат адам үшін де өте маңызды.


Кез-келген ғылым саласы секілді іс қағаздарын жүргізудің де өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тәртібі бар. Ал, мұның басқа нақты ғылым салаларынан ерекшелігі оның әмбебаптық сипатында. Нақтырақ айтқанда, іс қағаздарын жүргізудің бүкіл салаға тән ерекшелігіне байланысты екендігінде. Айталық, жаратылыстану ғылымдарының әрбіреуі белгілі бір мәселеге ғана арналып, сол салада ғана қолданылса, ал, іс қағаздары, құжат айналымы жүйесі бүкіл кәсіпорында қолданылады. Сондықтан қай саланың қызметкері болмасын, құжат айналымы жүйесінен айналып өте алмайды. Мектепте, жоғары оқу орындарында іс қағаздарын жүргізу негіздері тереңдеп үйретілмейтіндігі себепті көпшілік қауым қызмет барысында көптеген қиыншылықтарға ұшырасып жатады. Ұсынылып отырған еңбек осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен.
Бұл кітапты таза ғылыми-теориялық еңбек деп қабылдамау керек. Кітаптың алдына қойған мақсаты да бұл емес. Басты мақсат – көпшілікті іс қағаздарын жүргізу негіздерімен, құжат ресімдеу үлгілерімен таныстыру, қазақша іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерту, ұйымдардағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жүйесі жөнінде жалпы түсінік беру.
Іс қағаздарын жүргізуді тек басшылардың, хатшылардың, референттердің, іс қағазын жүргізушілердің ғана ісі деп қарау дұрыс емес. Мұны әрбір сауатты адам мүлтіксіз меңгергені лазым. Сонда ісіміз тиянақты, уақытымыз үнемді, шаруамыз берекелі болады. Өзімізге тиесілі құқықтарымыз да аяққа тапталмайды. Көпшілік қауымға жол тартып отырған бұл еңбек осынау маңызды да жауапты міндетті ойдағыдай атқаруға тиісті деп білемін.
Бұл еңбектің жазылып, жұртшылыққа ұсынылуы да заман сұранысына дөп келіп, ойлаған жерден шыға алған. Қазақтың ресми-іскерлік тілін ұштау, түрлендіріп дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отырған бүгінгі күні бұл кітаптың осынау зәру іске қосар үлесі мол болар деген үміт бар. Өйткені ұзақ жылдар бойы орыс тілінің үстемдік етуіне байланысты ана тіліміздегі ресми-іскерлік стилі өз деңгейінде нық беки қоймады. Қазіргі уақытта да ғылыми-техникалық тіліміз болсын, ресми іс қағаздары стилі болсын, орыс тілінің әсерімен қалыптасуда. Тіліміз орыс тілінің аудармасына, қазақша жансыз баламасына айналып бара жатыр. Қазақ тілі табиғи болмысынан, төл қасиетінен ажырап, жасанды, жұтаң тілге айналу қаупі төніп тұр. Бұдан былай осы бағытта ойласар, ортақ шешімге келер істер мол. Бұл ыңғайда іс қағаздарын жүргізудің заманауи жетістіктерімен бірге төл тарихымыздағы ресми-іскерлік тілді, түрік халықтары тілдерінің тәжірибелерін зерттеп, зерделеудің берері көп деп білемін.
Тарих тереңіне бойламай-ақ, қазақтың соңғы он ғасырдағы өткен жолына көз тіксек, қаншама заттай айғаққа куә боламыз. Армян қыпшақтарының тілінде жазылған ресми құжаттар мен Қазақ хандығы кезіндегі көршілес іргелі мемлекеттермен жазысқан ресми хат-хабарлардың өзі-ақ тақиямызға тар келмес. Әлбетте, бұл тарапта жасалған ізденістер жоқ емес. Біздің көздегеніміз сол сораптың соңы сұйылмай, арналы жолға айналса деген тілек. Осы жағынан алғанда, авторлардың бұл қадамы көңіл көншітеді.
Бұдан алдыңғы ізденушілер іс қағаздарының орыс және қазақ тілдеріндегі үлгілерін топтастырып берумен ғана шектеліп келген еді. Іс қағаздарын жүргізуді өзінше бөлек ғылым арнасы, оның теориялық және әдістемелік мәселелері бар екендігіне көңіл аударып, соны ана тілімізде егжей-тегжейлі қарастырып отырған бұл еңбек осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі. Әрбір жаңа істің кем-кетіксіз болмайтыны белгілі. Бұл кітаптың да артық кем тұстары бар шығар. Дегенмен, дүйім жұртшылықтың іс қағаздарын жүргізу бойынша білімін көтеруді мақсат еткен бұл еңбек көп кәдесіне жарайды деп нық сеніммен айта аламын. Ендеше, іске сәт!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет