1) Қызметкерден Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативтік құқықтық актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне (оның ішінде Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына және тапсырмаларына), лауазымдық нұсқаулыққа және осы Шартқа сәйкес өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауды талап етуге;
2) өздерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында жұмыс берушілердің бірлестігін құруға және соған кіруге;
3) Қызметкерді көтермелеуге, оны еңбек туралы заңда және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіп бойынша тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
4) өзіне Қызметкер келтірген зиянның өтемақысын алуға;
5) Қызметкер Жалдаушының қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта дайындықтан өткен жағдайда, Қызметкерден мамандарды оқыту туралы Тараптар арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде жұмыс істеп беруді талап етуге немесе Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жалдаушының Қызметкерді оқытуға байланысты шығарған шығындарын өтеуге;
6) Қызметкер соттың шешімі бойынша заңсыз деп танылған ереуілді ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан жағдайда, оны жұмыстан босатуға;
7) осы Шарттың талаптарына және еңбек туралы заңдарға сәйкес осы Шарттың талаптарын өзгертуге және оны мерзімінен бұрын бұзуға;
8) тығыз және күнібұрын болатыны белгісіз жұмыстарды орындау өндіріске қажет болған жағдайда, еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерді белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа, сондай-ақ демалыс, мереке күндері және түнгі жұмысқа шақыруға;
9) өз өкілеттігі шегінде еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
10) өндіріске қажет болған жағдайда, Қызметкерді өзінің келісімі бойынша жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алуға. Мұндай жағдайда еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі Тараптардың арасындағы келісім бойынша өтіп бара жатқан жұмыс жылының ішінде беріледі немесе Қызметкердің қалауы бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады немесе еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерге өтемақы төленеді;
11) еңбек туралы заңдарда ескерілген мерзімге және сондағы тәртіп бойынша Қызметкерді жұмыстан шеттетуге;
12) Қызметкердің өзі атқаратын қызметіне лайықтылығын білу үшін оның біліктілігін тексеруге қақысы бар.
3.2. Жалдаушының міндеті:
1) Қызметкерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, оған еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындау үшін еңбек туралы заңдарға, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шартқа сәйкес қажетті жағдай жасау;
2) Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шартқа сәйкес жұмысын орындаған жерде немесе тиісті өтініш негізінде Қызметкердің банктік (карточкалық) шотына жазу арқылы оның еңбегіне уақтылы және толық көлемде ақы төлеу;
3) Қызметкерге өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру;
4) осы Шарт заңсыз бұзылған жағдайда, Қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта қою және еңбек туралы заңдарға сәйкес материалдық шығынды өтеу;
5) Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған жағдайда, оны еңбек туралы заңдарға сәйкес бұрынғы жұмысына қайта қою;
6) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерді зейнетақымен қамтамасыз ету;
7) еңбек туралы заңдардың және осы Шарттың талаптарын бұлжытпай орындау;
8) Қызметкерді еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауға қажетті құрал-жабдықпен және материалдармен қамтамасыз ету;
9) Қызметкерге Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға мүмкіндік беру;
10) еңбек ету міндетін орындап жүргенде, Қызметкердің өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру;
11) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде ескерілген тәртіп бойынша және сондағы талаптарға сәйкес Қызметкерге келген зиянды өтеу;
12) жұмыс кезінде Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнетін болса, оның жұмысын тоқтата тұру;
13) Қызметкерге зиянды және қауіпті жағдайда еңбек ететіндігі және кәсіптік ауруға шалдығып қалу мүмкіндігі туралы алдын ала ескертіп айту;
14) Қызметкердің еңбек жолын және оның зейнетақымен қамтамасыз етілуіне ақша бөлінгендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа өткізу;
15) Қызметкердің өтініші бойынша осы өтінішті алған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей оған мамандығы, біліктілігі, қызметі, жұмыс уақыты және жалақысының мөлшері көрсетілген анықтама, Қызметкердің біліктілігі және оның еңбек ету міндетіне көзқарасы туралы мәліметтер келтірілген ұсыныс мінездеме, сондай-ақ еңбек туралы заңдарда ескерілген басқа да құжаттар беру.