Ќолданбалы тіл ќЎрал



бет56/91
Дата20.05.2023
өлшемі1,67 Mb.
#177306
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Байланысты:
Ќолданбалы тіл ќЎрал

4. АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ

4.1. Қызметкердің еңбегіне Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақы төленеді.


Жалдаушы Қызметкерге жалақыны айына кем дегенде 1 (бір) рет төлейді.
4.2. Қызметкерге оның Жалдаушы екеуінің арасындағы құқықтық еңбек қатынастарына байланысты кепілдік және өтемдік төлемдер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіп бойынша және мөлшерде төленеді.
4.3. Қызметкердің ресми медициналық құжаттармен расталған уақытша еңбекке жарамсыз болған кездеріне Жалдаушы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес төлейді.
4.4. Қызметкерді жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алған жағдайда, еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі Қызметкерге өтіп бара жатқан жұмыс жылы ішінде беріледі немесе ол өзінің қалауы бойынша келесі жылдың еңбек демалысына қосылады немесе еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерге өтемақы төленеді.
4.5. Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерге тағы өтеусіз және қаржылық көмек беруге болады.
4.6. Жалдаушы өндіріспен тікелей айналысатын Қызметкерге жұмыс тоқтатылған кездегі уақытқа ақыны айына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті қаржы жылына белгіленген ең аз 1 (бір) айлық жалақы есебінен төлейді.
Жұмыс тоқтап қалған жағдайда, Жалдаушы Қызметкердің келісімінсіз оның мамандығын, біліктілігін ескере отырып, орындалатын жұмыс бойынша, бірақ бұрынғы жұмысының орташа айлық жалақысынан төмен емес еңбекақымен 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге және денсаулығына зиян келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы. Қызметкердің кінәсынан тоқтап қалған уақытқа ақы төленбейді.


5. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ. ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ

5.1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 (екі) демалыс күні бар, аптасына 40 (қырық) сағаттан астам қара жұмыста және денсаулыққа зиянды жұмыста жүрген Қызметкерлер үшін аптасына 36 (отыз алты) сағаттан аспайтын 5 (бес) күнді құрайды.


5.2. Күнделікті жұмыс күндері Қызметкерге дем алуға және тамақ ішуге кем дегенде 1 (бір) сағат уақыт беріледі, Қызметкер оны қалай пайдаланам десе де, өз еркінде. Жұмыстың аяқталуы мен келесі күні басталу аралығындағы Қызметкердің күнделікті демалысының ұзақтығы кем дегенде 12 (он екі) сағат болуға тиіс.
5.3. Қызметкерді өзінің келісімі бойынша, ал еңбек туралы заңдарда ескерілген ілуде бір жағдайда өзінің келісімінсіз де белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа шақыруға болады.
5.4. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерге Жалдаушымен келісім бойынша қосымша демалыс және басқа да демалыс беріледі.
5.5. Қызметкерге Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оқу демалысы беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет