Қолданылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет4/9
Дата06.06.2024
өлшемі0,66 Mb.
#203211
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.Антикалық философия 1

Анаксимен (б.з.д. 585-525 жж шамасы, негізгі еңбегі "Табиғат туралы") дүниенің бастапқы негізі – ауа деген пікір айтады. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен Отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда – желге, бұлтқа, Суға, Жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты. Оның ілімінше, Жер және басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады.

  • Анаксимен (б.з.д. 585-525 жж шамасы, негізгі еңбегі "Табиғат туралы") дүниенің бастапқы негізі – ауа деген пікір айтады. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен Отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда – желге, бұлтқа, Суға, Жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты. Оның ілімінше, Жер және басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады.

Эфес қаласынан шыққан ойшыл Гераклит (б.з.д. 544-483 ж.ж. Негізгі еңбегі "Табиғат туралы"). Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын От деп есептеген. От мәңгі және Құдай тектес. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит Оттың жетіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, Оттың молдығынан Ғарыштың кері Отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтіп келуін жоғары қарай жоқ деп атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары қарай мәңгі қозғалыстың нәтижесінде жалқыдан барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады.

  • Эфес қаласынан шыққан ойшыл Гераклит (б.з.д. 544-483 ж.ж. Негізгі еңбегі "Табиғат туралы"). Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын От деп есептеген. От мәңгі және Құдай тектес. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит Оттың жетіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, Оттың молдығынан Ғарыштың кері Отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтіп келуін жоғары қарай жоқ деп атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары қарай мәңгі қозғалыстың нәтижесінде жалқыдан барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады.
  • Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет