Демокриттің философиялық афоризмдері: - Жоққа күйінбей, барын бағалай білетіндер ақылды.
- Үнемі кешіге беретін болсаң, мақсатыма жетемін дегенді де ұмытқайсың.
- ... борышқа әділ болу – ұлы іс.
- Кім көп еңбек етсе бақыт соған қонады.
- Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі.
- Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес, пікір-пиғылынан да көрінеді.
- ... өзінің құштарлықтарына билігін жүргізген адам да ер.
- Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді.
- Арғы жағында ақыл болмаса, тек сыртқы сұлулық жануарларға да тән нәрсе.
- Ақымақтың аяғын шалғың келсе, алды-артына қаратпай мақтай бер.
- Табиғаты тазалар ғана әдемілікті танып, әсемдікке ұмтыла алады.
- Жолы болмағанның жанынан табылу – үлкен ізгілік.
Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады.
Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар.
Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды.
- Сократ (б.з.д.469-399 ж.ж.) өз ілімін әңгімелесу мен пікір таластыру түрінде ауызша баяндады. Оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті.
- Сократ философияның негізгі мәселесі адам деп шешті. Сондықтан адам адамгершілігінің табиғатын зерттеуге көңіл бөлді.
- Сократ үшін философия дегеніміз нақты өнегелік, әдептілік, моральдік құбылыстарды қарастырып, олардың мәнін ашу. Ол этикалық реализмнің негізін салды.
- Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген.
- Платон былай жазған: "Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана — Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады."
Достарыңызбен бөлісу: |