Қолданылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер


Сократтың философиялық афоризмдері



бет8/9
Дата06.06.2024
өлшемі0,66 Mb.
#203211
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.Антикалық философия 1

Сократтың философиялық афоризмдері:

  • Ой қуу дегеніміз – өлімге дайындалу.
  • Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.
  • Сен алдымен өзінді-өзің таны.
  • Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
  • Абыройсыздықпен өмір сүргенше, батылдықпен өлген артық.
  • Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.
  • Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.
  • Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.
  • Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.
  • Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.
  • Мен өмір сүру үшін тамақтанамын, ал кейбіреулер тамақтану үшін өмір сүреді.
  • Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Платон (б.з.д. 427-347 жж шамасы). Адамзаттың ұлы ойшылы, диалектика, таным теориясы, педагогика, эстетика, өнер, мемлекет теориясы, обьективтік идеализм философиясының негізін салды. Негізгі шығармалары: "Апология" (Сократты қорғау), "Критон" (Заңды сыйлау туралы), "Кратил" (тіл туралы), "Заңдар" т.б.

Платонның философиялық афоризмдері:

  • Жақсы басталған іс – жартысы біткен іс.
  • Ақымақтықтың екі белгісі бар. Бірі-өзіне пайдасы жоқ нәрсені әңгіме қылуға бейім тұрады. Екіншісі-сұрамаған адамға ақыл айтады.
  • Әсемдіктің жолы ауыр.
  • Өз-өзіңді жеңу - жеңістердің жеңісі.
  • Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.
  • Ақылдылар - табады, ақылсыздар жоғалтады.
  • Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі -топастық, екіншісі - жалқаулық.

Аристотельдің (б.з.д 384-322 жж шамасы) философиялық шығармалары ежелгі Грециядағы философиялық ой-пікірдің даму шыңы болып есептеледі. Формальді қисын-логиканың авторы, психология, биология, саяси экономия, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. ғылымдардың негізін қалаушы.. Оның еңбектері: "Категориялар", "Аналитика", "Топика", "Физика", "Метафизика", "Этикалық трактаттар", "Саясат", "Риторика", "Поэтика" т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет