Антикалық философияның біріншігі ерекшелігі оның – табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстылығы. Алғашқы грек ойшылдарының «физиктер» деп аталуы да сондықтан болар. - Антикалық философияның біріншігі ерекшелігі оның – табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстылығы. Алғашқы грек ойшылдарының «физиктер» деп аталуы да сондықтан болар.
- Антикалық философияның екінші ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтерілді.
Сократқа дейінгі немесе ежелгі классикалық кезең философиясы натуралистік сипатта болған, өкілдері Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен т.б. Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты. Осы кезең ойшылдары дүниенің негізі неден тұрады деген сұраққа жауап іздеген. - Сократқа дейінгі немесе ежелгі классикалық кезең философиясы натуралистік сипатта болған, өкілдері Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен т.б. Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты. Осы кезең ойшылдары дүниенің негізі неден тұрады деген сұраққа жауап іздеген.
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |