Қолданылған әдебиеттер. Ю. М. Колягин. «Есеп шығаруды үйрен.»



бет5/6
Дата17.11.2016
өлшемі0,73 Mb.
#1906
түріОқулық
1   2   3   4   5   6

Үйге тапсырма:

суретте берілген ұлы математиктерге баяндама (өмірбаяны,қызметі, ашқан жаңалықтары ) жазу.



Пифагор - грек ғалымы.
Математикалық сөзжұмбақтар.


Сөзжұмбақтардың қай- қайсысының болса да өзіндік жасалу жолдарын, тәсілдерін, бір- біріне ұқсамайтын ережелерін, шарттарын құрастыру кезіңде қатаң сақтау керек. Тапсырма оқушының жалпы дайындығына, жас ерекшеліктеріне сай беріледі.


1-тапсырма.Бес квадраттан төрт квадрат шығатындай етіп,шырпыларды ауыстырып қойыңдар.0ларды ауыстырып қойыңдар.


2-тапсырма.Берілген үшбұрыштың ішіненқанша үшбұрыш бар екенін табыңдар

3.Цифрограмма « Компьютер »

Жыпырлаған цифрлардың тілін тауып сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы, әрі математикаг» Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады.Ол үшін цийфрларды қазақ алфавитіндегі әріптердің рет санымен алмастыру керек.




3

1

23

3

20

16

17

37

24

25

37

19

3

1

24

25

1

17

1

24

37

24

1

18

Жауабы: « Бар болмыстың бастамасы – сан ».

(Ұқсастық коэффицентінің квадратына)

«Сарбаздар» тобына

1)Сіз нешінші қабатта отырсыз? (Үшінші)

2)Дәптерге із қалдыратын зат (Қалам)

3)Қандай санның квадраты 256-ға тең? (16)

4)Тәуліктің төрттен бір бөлігі (6сағат)

5)Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең? (1800)

6)Қолыңыздың сағат тағатын бөлігі (Білек)

7)Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады?(900)

8)Екі үлкен екі таңбалы сан (99)

9)Бір центтнерде неше килограмм бар? (100)

10)Қолыңыздың ең кішкентай саусағыңыздың аты? (шынашақ)

11)Екінің алтыншы дәрежесі неге тең? (64)

12)Ең үлкен уақыт өлшемі бірлігі? (ғасыр)

13)Жарты алманың жартысы неге тең? (Төртен біріне)

14)Екі қабырғасы өз ара параллель төртбұрыш (Трапеция)

15)Шеңбердің центірі арқылы өтетін хорда? (Диаметр)

16)Өлшемдері 3дм,5дм,10дм тік бұрышты параллелепипедтің көлемі (150дм3)

17)Неше градустық бұрыштың тангенсі мен котангенсі тең? (450)

18)225 нешенің квадраты? (15)

19)Ағыстың жылдамдығы 3км\сағ болса, менщікті жылдамдығы 15км\сағ кеме4 сағатта ағыспен қанша километр жол өтеді? (72км)

20)Ең алғашқы әйел математик (С.Ковалевская)

Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның



қорытындысы шығарылып,жеңімпаздар марапатталады.

«Тапқыр болсаң-талас жоқ»» атты сайыс.
Сайыстың мақсаты:

1)Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; тапқырлыққа, есеп құмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

2)Алған білімдерін сайыста пайдалана білу дағдысын қалыптастыру

3)Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Көрнекіліктер 9көк,1қызыл,1қызғылт сары,1жасыл түске боялған 12 сек -торлы дөңгелек тақтайша,зырылдауық,қоңырау,құмсағат,табло,ұпай-лар, «құпия піспе»,т.б.

Ойынға қатысушылар:

I-топ- «Тұлпар» тобы

II-топ:-«Қыран»

III-топ:- «Сарбаздар» тобы

Көмекшілер: уақытты бақылаушы, ұпайларды есептеуші комиссия, тапсырмаларды таратушылар.

Ойын шарты:

3топ 3үстелді дөңгелектене отырады;

Үстелдің ортасында секторлы тақтайшаға орналастырылған зырылдауықты әр топ кезекпен айналдырады.Зырылдауық бағыттаушысы көк секторға бағытталып тоқтаса, тапсырма жеке беріледі.Сол сектордағы нөмірге сәйкес есептің жауабын айту керек. Тапсырманы алған топ дұрыс жауабын айта алмаса,басқа топтың дұрыс жауабын айтып,ұпай алуға мүмкіндігі болады. Сондықтан жүргізуші есепті толық оқып болған соң, 3 топқа да есептің негізгі бөлігі жазылған карточкалар таратылды.Дұрыс жауабын тапса, ұпай тапсырманы алған топқа, кері жағдайда, дұрыс жауап тапқан топқа беріледі.

*Зырылдауық бағыттаушысы жасыл түске тоқтаса,сұрақ жалпы қойылады.Әр топ есептің жауабын жазбаша түрде береді. Дұрысжауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпайдан беріледі.

*Зырылдауық бағыттаушысы қызғылт сары түске бағытталса, «Құпия піспеде»жасырылған зат жұмбақталып айтылады. Жұмбақталған заттың атын әр топ қағазға жазып береді. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 2 ұпайдан беріледі.

*Зырылдауық қызыл түсті секторға түссе, ойынның ең қызық бөлімі ойналады. Әр топ 1минутта қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай алады:

Әр бөлімге берілетін уақыт және ұпай саны

Көк түс-5минут,5ұпай.

Жасыл түс -3минут,3ұпай.

Қызғылт сары түс-2минут,2ұпай.

Қызыл түс-1минут,қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай.

Ойын барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.Сабақ мақсатымен, оның өткізілу түрімен,ойын шарттарымен,ойынға қатысушылармен таныстыру -Ауыздан-ауызға таратылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ.. Бұл есеп-тер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Оларды шығаруда негізінен адамның жас ерекшеліктері емес,ең негізгісі адам ойының ұшқырлығы ескеріледі. Сондықтанда да бүгінгі ойынымызға 3 топ шақырылып отыр.

«Тұлпар», «Қыран», «Сарбаздар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет