Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеуді таңертең ашқарынға жүргізілетіні жөнінде айтыңыз.
2. Науқасқа жүргізілетін іс-шара жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3. Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы етіп отырғызыңыз және орындықтың арқасына сүйендіріп, басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.
4. Науқастың кеудесіне сүлгі қойыңыз. Кеудесін, ішін,аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз.
5. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
6. Науқастың аққан сілекейін жинау үшін қолына лоток беріңіз.
7. Процедура алдында алмалы-салмалы протез тістерін алуын сұраңыз.
8. Пациенттің зондты жұту өлшемін белгілеп ал (күре тіс пен кіндік аралығы және күре тіс пен сырғалық аралығын қос).
9. Бір реттік стерильді зондтың сақталу мерзімін қарап, пакетін ашып,пинцет көмегімен алыңыз.
10. Стерильді зондтың бітеу жағын оң қолыңызбен 10-15см қашықтықта қалам ұстағандай ұстап, сол қолыңызбен бос жағын ұстаңыз.
11. Пациенттен аузын кең ашуын сұраңыз, зондтың бітеу жағын тілдің түбіне ендіріп, науқастан жұтуын сұраңыз.
12. Пациенттен мұрынмен терең дем ала отырып жұтынуын сұраңыз, белгіленген белгіге шейін зондты енгізіңіз (егер науқас көгеріп тұншықса,зондты алыңыз).
13. Пациентке зондты тістеуге болмайтынын және сілекейін жұтпай сүлгіге сүртуін ескертіңіз.
14. Зондтың бос ұшын шприцке жалғаңыз.
15. Асқазан сөлін сорғызып «0» пробиркаға құямыз (секреторлы).
16. 1 сағатты белгілеп әр 15мин сайын 1,2,3,4 пробиркаларға сөл аламыз (бұл базальды секреция).
17. 0,1 гистамин ерітіндісі 0,01мг 10кг науқастың салмағына және 0,25 пентагастрин 6 мкг 1кг дене салмағына белгілеп тері астына саламыз.
18. 1 сағатты белгілеп әр 15мин сайын 5,6,7,8 пробиркаларға сөл аламыз (бұл қоздыру секрециясы).
19. Салфеткамен зондты алып, аузының айналасын салфеткамен сүрт.
20. Пайдаланылған зондты, қолғапты,салфетканы КҚЖҚ-қа сал.
21. Алынған сөлге жолдама жазып, клиникалық лабораторияға жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |