Стандарт
Нәжісті жасырын қанға алу
Мақсаты: асқорыту мүшелерінен жасырын қан кетуін анықтау.
Қолдануы: асқазан-ішек жолдарында талақ жаралары, қабыну процестері және ісіктер.
Әзірле: таза құрғақ мойны жуан ыдыс 20-30мл,қалақша,КҚЖҚ; жолдама жазып ыдысқы жабыстырыңыз (науқастың аты-жөні,бөлімше,палата №, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеуге нәжіс жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз. Науқас зерттеуге 3 күн бұрын арнайы диетада болуы керек (шектеледі: ет,балық,жасыл көкөністердің барлық түрі,анар,қызанақ,жұмыртқа,қызылша)
2. Науқасқа нәжісті зерттеу жүргізілетін күні таңертең алу керектігін түсіндіріңіз.
3. Жалған нәтиже бермес үшін,науқастан немесе оның жанұя мүшелерінен қан кетудің басқа көзі (қызыл иектің қанауы, қан қақыру, геморрой,етеккір циклі) жоқтығын анықтаңыз.
4. Құптаған жауап кезінде қанның нәжіске түспеуі үшін кеңес беріңіз:
- 3 күн тісін щеткамен жумауға;
- егер науқаста мұрыннан немесе геморройдан қан кетсе,онда зерттеу жүргізілмейді.
5. Науқасқа нәжісті жинау техникасын түсіндіріңіз.
6. Нәжіс жинау кезінде қолғап киіңіз.
7. Науқасқа ішегін унитазға емес, судноға сусыз бостауын түсіндіріңіз.
8. Ішекті босатқаннан кейін қалақшамен нәжістің әр қарайған жерінен 5-10г көлемінде алып, әзірленген ыдысқа салып қақпағын жабыңыз.
9. Нәжісі бар ыдысты зертханаға жіберіңіз.
10. Қолғапты шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.
11. Қолды жуып кептіріңіз.
Стандарт
Достарыңызбен бөлісу: |