Стандарт
Ұлтабарды зондтау және науқасты дайындау
Мақсаты: диагностикалық – 12 елі ішектің және өт қалтасынан алынған бөліндіні зертханалық зерттеу, өт қалтасының жиырылу және концентрациялық сақтау функцияларын зерттеу және Одди сфинктерінің қалпын бағалау; емдік-өт қалтасының төменгі моторлы функциясы кезінде өтті айдау (өт қалтасының қабынуы, холестатикалық гепатит), дәрілік препараттарды енгізу.
Қолданылуы: өт қалтасының, бауырдың өт жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімі: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары және күйіктері, портальды гипертензия, ісіктер, асқазаннан және 12 елі ішектің жаралары , өкпе-жүрек жетіспеушілігі, жедел холецистит және панкреатит, бронх демікпесі.
Әзірле: стерильденген дуоденальды зонд;Жанэ шприці, 20мл шприц, лоток; стерильді белгіленген пробиркалары бар штатив, қысқыш, сүлгі, қолғап, жылытқыш,жұмсақ валик, төмен орындық, салфеткалар, өт қалтасының стимуляторлы-33% магния сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10 натрия хлорид ерітіндісі немесе 40 глюкоза ерітіндісі немесе 40-60ᵒ дейін қыздырылған 20-25 мл өсімдік майы, 0,1 атропин ерітіндісі 8-10 тамшы, КҚЖҚ.
Достарыңызбен бөлісу: |