Олигофренопедагогика Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым



Дата01.06.2020
өлшемі322,18 Kb.
#71930
Байланысты:
Олигофренопедагогика

Олигофренопедагогика  

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым

  • Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады.
  • Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе — бұл міндетті турде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді.

Даму мүмкіндігі шектелген балалардың негізгі категорияларына жататындар:

  • Есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей калғандар);
  • Көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
  • Сөйлеу қабілеті бұзылған — логопаттар;
  • Интеллект немесе ақыл-ой,  сана-сезімінің  дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
  • Психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, көрмейтін, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.);
  • Тірек-қимыл аппаратының кызметі бұзылған;
  • Психопатиялық түрде жүріс-тұрысы,   мінез-құлығы бұзылған балалар жатады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың салалары:

  • сурдапедагогика — есту мүшелері кеміс дамыған және есту қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
  • тифлопедагогика —   көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
  • олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс дамыған балалардың ерекшеліктерін тәрбиелеу және оқьту, арнайы әдістерді қолдану арқылы оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін зерттейді;
  • логопедия — тілінің мүкістігі бар, сөйлеу аппараты кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерін зерттейді.

Олигофренопедагогика туралы ұғым

  • Олигофренопедагогика – ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
  • Тұнғыш ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесінің тәжірибесі Эдуард Сегеннің «Ақыл-ойы есуас балаларды тәрбиелеу, тазалыққа ұйрету және өнегелі емдеу» атты үлкен еңбегінде суреттелген. Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі XIX ғасырдың аяғы - XX ғасыр басына қатысты

философиялық

медициналық

психологиялық

педагогикалық



Олигофренопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Зерттеу әдістері


Бақылау

Әңгімелесу

Анкета жасау

Психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу

Балалардың өнімділік қызметін зерттеу

Эксперимент



Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет