33
АННА
2
Сол түні
Карлдың басына
небір ойлар келіп, ұйықтай алмады.
«Өзіміз туралы жақсы ойлау арқылы
өмірімізге керемет және әдемі нәрсе
-
лерді тартамыз»
– деді ғой Марк.
Карл
Маркпен жақын танысқа
-
нына қуанды. Алайда, ол Марктің өмірі шынында да
«керемет те әдемілікке» толы ма екенін анықтағысы келді.
Ол өзінің сондай дәрежеге жететініне сенімсіз еді. Ойдан
шаршаған Карлдың есіне бір кезде күлгін күнделік түсті.
Орнынан тұрды да әлгі әйелді алдап соғу үшін күнделікті
жәшіктің тартпасына тығып қойды.
Әлгі әйел түсіне тағы кірді. Оның үстінде сол баяғы
ашық қызыл свитер. Ол тағы да
әйелдің дауысын ести
алмады. Ол ернін жыбырлатқанымен,
бірде-бір дыбы
-
сын ести алмады. Сонан соң әлгі әйел күлгін кітапшаны
көрсетіп, үстелдің жәшігіне салып қойды.
Карл оянса да әлгі түсінен айыға алмады. Ол күнделік
-
ті алып бетін парақтай бастады. Екінші бетінде жазулар
пайда болыпты.
Шешуші сұрақ: Мен шынымен жақсымын ба?
Көптеген адам өзіне саналы түрде бұл сұрақты қоймас бұрын
бірден: «мен жақсы адам емеспін», «бұл менің қолымнан
келмейді», «мен істеуім керек, бірақ қолымнан келмейді»
деп жауап береді. Оларда өзіндік сана дамымаған.