Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет10/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

29
28
сала салдым – деп жауап берді Карл. 
Марк айта бер дегендей басын изеді. Карл оған өзінің 
түсі туралы айта бастады. Бұл жағдайда да ол неге айтып 
жатқанын түсінбесе де солай болу керек екенін сезінді. 
Оны тыңдап болған соң Марк түк те таңқалмастан: 
– Біз өмірімізге маңызы зор мәселелермен жолыққанда 
түсініксіз жағдайларға тап болып жатамыз. Таңғажай
-
ып болып көрінуі де мүмкін. Бірақ бәрі жақсы болатыны
-
на көз жеткізесің әлі.
Карл бұрын да Марктен «Барлығы жақсы болады» 
дегенді естігенін есіне түсірді.
– Сол үш сұрақты жазып қой – деп ұсынды Марк. – 
бірақ арасына орын таста. Ол жерге өзің жасаған тұжы
-
рымдарыңды жаза аласың, сол кезде бұл сұрақтардың сен 
үшін маңызы арта түседі:
«Бұл менің қолымнан келе ме?»
«Мен махаббатқа лайықтымын ба?»
«Мен кіммін?»
Карл ештеме жазбады. Ол әлі ештеме түсінген жоқ 
еді. Марк оның ойын оқығандай:
– Мен бір нәрсе ұсынғалы отырмын. Бүгін саған 
қысқаша өзіндік сана туралы айтып берейін. Егер қаласаң 
тәлімгерің болып, оны ашуға көмектесейін. 
– Менде тәлімгер жоқ деп кім айтты? – деп бірден 
қарсыласты Карл. 
Марк оның көзіне қарап тұрып:
– Сен махаббатқа лайықсың ба? – деді. 
– Оның не қатысы бар? Мен өйтіп мақтанбаймын – 
деп Карл жауаптан жалтарды. 
– Азырақ қыдырып қайтсақ қалай қарайсың? Мен 
қалада ең керемет эспрессо дайындайтын бір кафені 
білемін. Жол-жөнекей саған өмірлік философиям тура
-
лы айтып беремін. Сосын менен бірдеңе үйренгің келе 
ме, әлде келмей ме, өзің шешерсің – деп ұсыныс тастады 
Марк. 
Карл келісті. Жолда Марк әңгімесін бастады.
– Өмірде жолықтырған адамдарымның көпшілігі 
жүрегінің түбінде – бұл сөзді айтқанда ол қолын жүре
-
гіне қойды, «мен соншалықты жақсы адам емеспін» 
деген сенімге ие еді. Ары қарай ол: «Мен көп жұмыс 
істей алмаймын», «мен бұған лайықты емеспін», «бұл 
қолымнан келмейді», «өзіме ұнамаймын» деген ойларға 
ұласады. Басымызды осындай ойлар торлаған кезде 
біздің әлеуетіміз ашылмайды. Біз өзіміз ұнатып тұрған 
қызбен сөйлесе алмаймыз. Өзімізге ұнайтын жұмысты 
таба алмаймыз. Өмірімізді қалай жақсартуды білмей
-
міз. Бұның себебі біреу ғана – өзімізді бағаламаймыз. 
Өзімізді жаман деп есептегеннен жақсы нәрсеге қолжет
-
кізе алмаймыз. 
Егер өзіміз туралы жақсы ойлай бастасақ, 
онда өзіміздің ең жақсы нәрсеге лайықты екеніміз туралы 
сенім ұялай бастайды. 
Карл мұқият тыңдағанымен әлі де ештеме түсінген 
жоқ еді. Алайда ол Марктің сөздерінен ақыл мен дана
-
лықты сезіне бастады. 
– Өмір өте қарапайым. «Не ексек, соны орамыз».
«Не ойласақ, сол орындалады».
Түпсанамызда өзіміз 
туралы ойларымыз сақтала береді. Көптеген ойлар бізге 
әке-шешемізден, балалық шақтан берілген. Алайда, бұл 
тек қана ойлар, оларды өзгертуге болады. Ойларыңды 
өзгертсең, өзіңе көзқарасың да өзгереді. 
Егер өзіміз туралы жаман ойласақ, өмір де оны шеге
-
леп береді. 
Егер жақсы ойласақ, өмірімізге керемет және 
әдемі нәрселерді тартамыз.
Мен тек материалдық нәрсе
-
лер туралы айтып тұрған жоқпын, бұл достыққа, отбасы
-
на, қарым-қатынасқа, денсаулыққа – бәріне қатысты. 
Егер 
өзіңе жақсы қарай бастасаң, өмірің жақсылыққа тола 
бастайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет