Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет19/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

49
48
да бір мөлшерде болу керек. 
– Әзірге қызық ештеңе көріп тұрған жоқпын. 
– Басында мен де солай ойлағанмын. Негізінде 
қызықсыз әрине. Кейін мен сценарийді оқи бастадым, 
эпизодта не болатынын білуім керек қой. Екіншіден
актерді бақылап, әрекеттерін талдай бастадым. Үшінші
-
ден, жарық түсірушінің жұмысы туралы мүмкіндігінше 
көп нәрсе білуге тырыстым. Осы кезде бәрі қызықты бола 
бастады. 
Анна бар ынтасымен қызыға тыңдап отыр еді. Ол:
– Олай болса сен өткен аптада қатысқан көрінісіңді 
көрсете аласың ғой? Мен сені жақсырақ түсінер едім.
– Әрине. Сонымен мен актермін. Бұл көріністе мен 
бір ірі тайпаның басшысынан қорғануым керек болады. 
Карл көріністі көрсете бастады. 
Анна таңқала:
– Сен жарықты қондыру барысында бір нәрсе айта
-
сың ба? – деді.
– Жоқ, әрине. Сен көріністі түсінсін деп айтып
жатырмын. 
– Рольді қайдан білесің?
– Жаңа айттым емес пе, мен эпизодта не болатынын 
білуім керек. Сондықтан мен сценарийді оқып аламын. 
Бір-екі рет оқығаннан кейін есімде қалып қояды. 
– Яғни сен кадрда жай тұрмай, рольді жатқа білесің 
ғой? Сценарий оқитын басқа да дублерлар бар ма? 
– Ондайлар жоқ шығар...
Анна әлі таңқалып отыр еді.
– Сен сценарий оқимын, актердің ойынын бақылай
-
мын және жарық қондырушының жұмысын зерделеймін 
дедің бе?
– Сен жақсы тыңдаушы екенсің. Актердің ойынын 
бақылай отырып, мен де сол сияқты қозғаламын, әдетін 
бақылаймын. Әрине, ол жарық қондырғанда маған көмек
-
теседі. Мысалы маған ол телефонды оң құлағына ма, әлде 
сол құлағына апара ма, қай қолымен есік ашады деген 
сияқты әрекеттері қызық. Мен оны дәлме-дәл қайталай
-
мын. Бұл керемет көмектеседі. 
Анна түсінгендей басын изеді де, Карл ары қарай 
жалғастырды:
– Бұл менің қолымнан жақсы келетін сияқты. Жақын
-
да оны актердің өзі де мойындады. Ол: «Менің болмысы
-
ма қош келдің» деді. Ол менің жұмысымды бағалағаны 
деп ұқтым. Диалогтардың мәтінін білсем және жарық 
түсірушінің жұмысын жақсы білсем, жұмыс істеу да жеңіл 
болады. Бұл жағдайда жұмыстан ләззат алуға болады. 
– Олай болса сен жақсы актерсің, – деді Анна. 
– Жоқ, мен тек актерді жақсы ұқсатамын, – деп барын
-
ша қарсыласты Карл.
– Дегенмен актерлік өнер дегеніміз біреудің роліне 
кіре білу емес пе? Бұл өте маңызды ғой!
Карл іркіліп қалды да, кінәлы дауыспен жалғастырды:
– Жарықты қондырғанша он бес-жиырма минут 
босқа тұрғанда рольді ішіңнен қайталап, арасында техник- 
тердің жұмысын бақылап тұруға болады ғой. 
– Мүмкін тағы бір көріністі көрсетерсің? – деп өтінді 
Анна. 
Карл жалындырған жоқ, өйткені оған актер болу 
ұнайтын. Тек Аннаның алдында шамалы ұялғаны болма
-
са. Бұл жағдайда ол біреудің ролін ойнағандықтан, өзін 
еркін сезіне бастады. Ол екі персонаждан тұратын ұзақ 
эпизодты көрсетті, диалог барысында бір рольден екніші 
рольге ауысып, тамаша орындап шықты. 
Көрініс аяқталған кезде Анна қолын шапалақтап 
жіберді. Карл Аннаға сенімсіздікпен қарап еді, оның 
жүзінен таңырқаудан басқа ештеңе байқамады. 
– Сен керемет ойнадың. – Әрбір сөзін бөліп-бөліп 
тағы да қайталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет