Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет27/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

65
64
биліне қарай жүгірді. Қызметкер қонақ үй дәрігерін 
шақыруды ұсынды. 
– Ол жеткіліксіз, тез жедел жәрдем шақырыңыз, оның 
жағдайы нашар, – деп айқайлады Карл. Анна Карлдың 
даусын естіп:
– Уайымдама, өзім шақырам, – деп дауыстады. 
Карл Марктің қасына жүгіріп барғанда, ол қимыл
-
сыз жатқан, жағдайы жақсарған сияқты көрінді, жай ғана 
мұрнының астынан:
– Бәрі жақсы, – деді. 
– Сен сандырақтап жатырсың, – деді де еріксіз 
жымиды Карл. Марктің жағдайы ауыр болса да Карлды 
қорқытқысы келмеді. «Не деген адам! Осыншама күшті 
қайдан алады екен?» деп ойлады Карл. 
Жедел жәрдем де тез келе қалды. Кейін Анна оларға 
көп сыйақы берем деп уәде еткенін айтып берді. Әйтпеге
-
се, Мехикада жедел жәрдемнің тез келуі таңғажайып болар 
еді. Дәрігер бірден тексеріске көшті. Минут өпей жатып, 
ол: «Veneno, у» деді. Ол Марктің жеңін түріп жіберді де, 
дәрі тамыза бастады. Осы уақытта үнемі жүрек соғысын 
бақылап отырды. Жүрек соғысы жиілей бастады. 
– «Nada de bueno» – жақсы емес, – деп міңгірледі дәрі
-
гер. – Жүрекке күш беру керек, уды жеңе алмай жатыр. 
Дәрі тамызғыштың әсерін күте алмаймыз. 
Ол өте ұзын инесі бар шприцті алды да, Марктің 
мойнындағы күре тамырын сипалап көрді, терісін спирт
-
пен сүртті де екпе салды. 
– Бұл жүрекке көмектеседі.
Қосымша дәрігер санитарларына нұсқау беріп, бара- 
бара суып бара жатқан Марктың денесін орап тастады.
Ол Карлға:
– Егер суық жүрекке жетсе ол өледі. Оны тоқтату 
керек. Онымен сөйлес, есін жоғалтпасын, – деді. 
Карлдың көздеріне жас үйірілді, дегенмен санасы 
анық еді. Ол не дерін білмей Марктың құлағына:
– Бәрі жақсы болады, - деді. 
– Мен саған айттым ғой, – деді Марк әзер сөйлеп. 
Осы кезде Карлге Марк езу тартып жатқандай көрінді. 
Екпе әсер етті. Алдымен Карл оның жүрегінің 
соғысы баяулағанан сезді. Дәрігер сұқ саусағын жоғары 
шошайтып:
– «Va a vivir» – тірі қалады, – деді. 
– Енді оған ұйықтау керек, – деді дәрігер. Марк бір 
өлімнен қалды, дегенмен оны ауруханаға алып кетті. 
Барлығы артта қалған кезде Карл денесі дірілдеп 
тұр еді. Ол вестюбильдегі диванға отырғанда, денесінің 
сіресіп қалғанын сезді. Ол жылап жіберді. Біраз уақыт 
моншақтаған жас бетін жуып кетті, бірақ ол одан ұялма
-
ды. Ол ішкі дүниесінде бір өзгеріс болып жатқанын сезді. 
Анна Карлды мұқият бақылап тұрған еді. Ол қолын 
Карлдың қолына қойды да жаймен сипады, қасында үнсіз 
отыра берді. 
Сосын барып:
– Жас – маңызды белгі. Кейде жүрек өзінің түсін
-
генін осылай жеткізеді. 
Карл үнсіз басын изеді. Иә, ол бір маңызды нәрсені 
түсінді, бірақ оны сөзбен жеткізе алмады. Анна ақырын 
Карлды құшақтады да бетінен сүйді. 
Келесі күні команда не болғанын білді. Бұл әдеттегі
-
дей тамақтан улану емес еді. Аспаздың көмекшісі устри
-
цаға ұн екен деп, жәндіктерді улайтын у сеуіп жіберген. 
Егер дон Хосенің туысы сол мейрамханада істемесе, 
шындық әйгілі болмас па еді. Барлығы әлемдік санат
-
тағы осындай отельде мұндай жағдайдың орын алғаны
-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет