83
82
ша түсінемін.
Сосын ол кетіп қалды. Әңгіме дұрыс өрбімесе де,
Карл өзін еркін және жеңіл сезінді. Ол бәрін дұрыс істеді.
Кешке жақын ол Аннамен кездесті. Олар бірақ
құшақтасып отырды, Карл өзін керемет сезінді. Ол ата-
анасымен болған әңгімені айтып берді.
Анна ата-анасының оны жақсы көретінін, оны үнемі
қолдайтынын айтты, бірақ оның әжесі мен атасы үнемі
мұның
өміріне араласып, Карлдың ата-анасы секілді
қалай өмір сүру керек екенін айтып отырады екен.
Ол да ұзақ уақыт
бойы қиналғанын және Карлды
жақсы түсінетінін айтты. Кейіннен Марктің және басқа
да ақылды адамдардың көмегімен бірнеше маңызды
қорытындыға келгенін, егер Карл қаласа онымен бөлісуге
дайын екенін айтты. Әрине Карл тыңдауға дайын екенін
білдірді.
Бірінші қорытынды:
өзін сырттай бағалау және өзін
өзі бағалауға қатысты. Анна бұл пікірді басқаша жеткізді:
– Тек бір пікір ғана бар – ол сенің пікірің.
Қалған
-
дары басқа адамдардың ойлары. Мұны мен ойлап тапқан
жоқпын, Вера Биркенбиль ойлап тапқан. Мен оны
YouTube желісінен тыңдағанмын.
Онда сонымен қатар
бұл жағдайдан кез келген адам өтетіні айтылады. Вера да
басынан өткерсе керек. Ол өзінің бейнеролигінде осы
туралы айтып береді.
–
Екінші қорытынды:
өз пікірің өзіңе басты ой болу
үшін саған дамыған өзіндік сана қажет.
Өзіңді жақсы
білген сайын өз пікіріңе жүгіне аласың. Егер өзің-өзіңе
сенбесең, сен үшін басқалар құрып берген жоспармен
өмір сүруге тура келеді.
Карл біразға дейін үндемей қалды, сонан соң:
– Бұл шынында да өзіндік
санамен жұмыс істеуге
жігерлендіреді екен. Маған Марктің: «өзіндік сана
бақытқа апарар жол» деген сөздері енді түсінікті бола
бастағандай.
Анна басын изеді де,
Достарыңызбен бөлісу: