81
80
«Мен тағы да қарапайым адаммын деп бастадым ба?»
деген ол әжетханаға қашып кетті де, ұялы телефонын
қолына алды, үмітпен экранына қарады. Ештеме жоқ.
Ол енді алдыңғы хабарламаларды оқи бастады:
Әрине, бәрі дұрыс. «Бірақ бұл менің ата-анам ғой.
Неге бәрі осыншама қиын? Мүмкін, мен бірінші ағаштың
дауысына көбірек құлақ салдым ба екен? Мен әлі екінші
ағашты тыңдауға дайын емеспін».
Осы кезде басына бір идея келді: айнаның алдын
-
да жаттығу жасау керек. Ата-анасы естіп қоймасын деп
сыбырлап айта бастады:
– Мен Карлмын. Мен актер болғым келеді. Анна да
менде осыған лайық қабілет бар деді. Қазір сол үшін – өз
арманым үшін күресіп жатырмын. Сол үшін өзімді жақсы
көремін. Бәрі жақсы болады.
Өзіне қалай екенін түсіндіре алмаса да, айтылғанның
бәрі оған көмектескен сияқты. Ол әжетханадан шығайын
деп жатқанда Марктен жаңа хабарлама келді:
Карлдың басына бір ой келді де, ол бәрін түсінді:
керегі де осы еді. Тап осыны істеймін қазір. Ата-анамның
алдына шығамын да өз-өзіне сенімді, шешім қабылдап
қойған адамның ролін ойнап шығамын. Мен актермін
ғой. Болмасам, жақында боламын.
Ол бойын сабырға жеңдіріп, тыныштала баста
-
ды. Қонақ бөлмеге, ата-анасының қасына келді. Басына
мықты дәлелдер өзінен өзі келе бастады. Карл:
– Сіздер мені менің өзім сияқты бағаламайсыздар.
Мүмкін ол дұрыс та шығар, сіздерше мен жұмсақ адам
-
мын. Алайда тап осы қасиетім актер болуыма көмекте
-
седі деп ойлаймын. Және бұл пікірім мен үшін маңызды.
Мен университеттен кетем де, актер болу үшін қолымнан
келгеннің бәрін жасаймын. Қолымнан келе ме білмеймін,
бірақ ол үшін мен бәрін жасауға дайынмын.
Оның көрсеткен ішкі күші тек роль болатын. Ол оны
жақсы ойнап шықты, алайда ата-анасы оны байқамады.
Кенет Карл өзін батыл сезінді, көп нәрсені түсінгендей
болды.
Шешесі жылай бастады:
– Не деген жақсылықты білмейтін бала мынау... –
жүрегін ұстап, сылқ етіп отыра кетті.
– Не істедің сен? – деп айқайлады әкесі.
– Мен қазір жедел жәрдем шақырайын, – деді сабырлы
қалыпта Карл. Ол бұл сабырлылықтың қайдан келгенін
өзі де түсінбеді.
Дегенмен шешесі тез арада есін жиып алды. «Бұл кісі
де керемет актриса болды ғой» деп ойлады Карл. Сөйтті
де ол:
– Маған жақсылық тілейтіндеріңді білемін. Алайда
менің де өз пікірім бар. Менің мақсатым бар, сіздер
жақсылықты білмейтін адам деп есептесеңіздер де, мен
мақсатыма жетем. Сіздер менің бақытты болғанымды
қалайсыздар деп ойлаймын. Бірақ ол бақытты мен басқа
-
Достарыңызбен бөлісу: