Қолымнан келеді бодо шефер менің


Мен керемет өмірге лайықтымын



Pdf көрінісі
бет23/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Мен керемет өмірге лайықтымын.


57
56
– Бір кездері мен де қазіргі әйеліме ғашық болған
-
мын. Маған да ол қол жетпес арман сияқты елестейтін. 
Мен мұндай керемет әйел менен гөрі жақсырақ адамға 
лайықты деп ойлап, қашып кеткім де келген. Сондықтан 
бұл сезім маған жақсы таныс. 
Карл Маркке таңқала қарады. Мына тұрған мықты да –
Мидың өзі де – бұл сияқты қашып кеткісі келген бе?
– Сол кезде мен өзіндік сана проблемасымен айна
-
лыса бастадым. Мен ол кезде бұл менің болашақ маман
-
дығым болатынын білген жоқпын. Басында мен мұны тек 
өзім үшін жасадым. Мен тек осы керемет әйелдің қасында 
болғым келді және екінші сорттағы адам болғым келмеді. 
Қиын болды, бірақ менің қолымнан келді. 
– Оны қалай жасадың? – деп сұрады Карл.
– Мен екі нәрсені түсіндім. Бізге әрдайым қабілетімізді 
жарыққа шығаруға күмән мен қорқыныш кедергі болаты
-
нын түсіндім. Біз «махаббатқа лайықсызбын» деп бақытқа 
бөлейтін адамдарымыздан қашып жатамыз. Сондай-ақ 
өзіміздің кім екенімізді және неге қабілетті екенімізді 
түсінбейміз. Сол себепті де біз жиі өзімізге ұнамайтын 
және табысқа апара алмайтын мамандықтарды таңдап 
жатамыз. 
Карл оған әлі де таңдана қарап тұр еді. 
– Бірінші түсінгенім, қорқынышты таңдай отырып
өз бақытымыздан бас тартады екенбіз. Махаббатты 
таңдай отырып біз бақытқа жол тартамыз, – деді Марк.
– Бұл жағдайда да, Анна маған қол жетпес арман 
болып қала береді – деп қарсыласты Карл. 
– Онда соған лайықты адам бол. Бұдан басқа қандай 
мотивация керек саған. Айтпақшы, бұл менің екінші 
түсінгенім, қашып кету бәрінен оңай. Бұл қолайлы жол. 
Бұл жерде еш қиналмайсың. Алайда басқа да шешім бар: 
арманыңдағы әйел армандап жүрген ер азаматқа айнал. 
Мен сондай азамат боламын де. Бұл қиындау жол, бірақ 
перспективасы жақсы. 
Марк селқос жымиды да:
– Менің әйелім мені ол кезде дәл өзім сияқты баға
-
лаған жоқ. Оның бағалау нұсқасы маған көбірек ұнады. 
Сондықтан мен өзіме оның көзімен қарай бастадым. 
Бұл менің өмірімдегі ең жақсы шешім еді. Міне, соның 
арқасында біз жиырма жылдан бері біргеміз. – Ол Карлға 
қатарт екі орын талонын ұсынды:
– Айтпақшы, сендер қатар отырасыңдар, – деді де, 
Карлдың иығын қағып қойды. 
Ұшақта Анна Маркке қалай жолыққанын айтып 
берді. Ол Марк түстенетін мейрамханада даяшы болып 
істеген екен. Бір күні Марк келушілер аз кезде Аннадан 
өзі құрастырған жарнама мәтіні туралы пікірін сұрайды. 
Аннаға ол жалпы ұнағанмен, одан да жақсырақ жазуға 
болатынын айтады. Түстен кейін ол мәтінді өзі құрас- 
тырады да, келесі күні Марк келгенде, қолына ұстатады.
Ол таңқалғаны соншалық, бірден оған жұмыс ұсынады.
– Қызық болды. Ес білгелі теледидардан болсын
баспадан болсын сәтті шыққан жарнамаларды жинап 
жүретінмін. Бұл маған ұнайтын, алайда бір кездері өзім 
жарнамамен айналысамын деп еш ойламаппын, тіпті 
бұған қабілетім бар екенін де білген жоқпын. Марктің 
ерекшелігі де міне осында, ол адамдардың кім екенін 
және неге қабілеті бар екенін түсінуге көмектеседі. Мен 
қатты өзгердім. 
Карл Аннаға сенімсіздікпен қарады. Анна бұны 
байқады да:
– Сен мені бұрын көрсең ғой! – деді. 
Олар жол бойы әңгімелесті. Кейде байыпты сөйлес
-
се, кейде күліп, әзілдесіп отырды. Бір кезде Анна соңғы 
кездері кез келген қиындықты жеңуге болатынын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет