Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет24/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

59
58
білгенін, ал жеңе алмаса, оны үйреніп алатынын айтты. 
– Мен кез келген жағдайда шешім табамын, – деді 
Анна. Карл шынында да осылай екенін сезінді. 
Анна өзінің сенімділігін бұлшықетін жаттықтырған
-
дай дамытқанын айтты. Адам бұлшықеттерін жаттықтыр- 
ған кезде күш түсіретін және төзімділікті шыңдайтын 
жаттығулар жасайды, сондай-ақ бұлшықеттерінің икемді 
болғанын қадағалайды. Күш, төзімділік және икемділік. 
Сенімділік те, дәл сол сияқты. Миыңды «бұл менің 
қолымнан келеді», «мен махабатқа лайықпын», «мен кім 
екенімді білемін» деген түсінік пайда болғанша жаттықты
-
руға болады. Осылайша ментальдық күш, төзімділік және 
икемділік пайда болады. 
Карлдың Аннамен өмір бойы сөйлесіп отыра бергісі 
келді. 
Ұшақ қонған соң, олар интервью алынатын қонақ 
үйге келді. Марк Мексикада аса сыйлы, дана адам Дон
Хосемен кездесетіндерін айтты. Онымен сұхбатты 
түсіріп алу керек болды. Карл және тағы екі жігіт камера
-
лар мен жарықтарды орналастыра бастады. 
Дон Хосе бір топ нөкерімен кіріп келді де, алдымен 
Маркпен амандасты:
– Достым, сені көру маған үлкен сый. Сен сияқты 
адамдардың барын білудің өзі қандай бақыт, – деді де 
қалғандарымен амандаса бастады. Карл оған ден қоя 
қарады. Дон Хосе өте кәрі еді, алайда оның дәл жасын 
айту мүмкін емес-тін. Сондай-ақ, оның көздерінен дана
-
лығы көрініп тұрды. 
Марк пен Хосе өздеріне дайындалған орындыққа 
отырды. Марк әңгімені бастап кетті:
– Өзіміз туралы ойлар орындалады. Адам өзіне өзі 
сенімді болғанда ғана оның өмірі қызықты да керемет 
бола алады. Алайда көп адамның бұл сенімі төмен деңгей
-
де. Неге бұлай? Сондай-ақ, неге осы ең маңызды қабілет 
сирек кездеседі? Оның себебі көп. Мұны түсінуге фило
-
софтар да, психологтар да, барлық дін өкілдері де, антро
-
пологтар да, әлеуметтанушылар да ұмтылуда. Тольтектер 
бұған қызықты жауап тапқан сияқты. Мен тольтектер 
тайпасының дана шипагері дон Хосемен сұхбаттасаты
-
ныма аса қуаныштымын. Қымбатты дон Хосе, сұхбатқа 
келіскеніңізге алғысымды білдіремін.
– Қайта мен рақмет айтуым керек. Маған сенің жұмы
-
сың өте маңызды болып көрінеді. Сен ғылыми зерттеу
-
лердің негізінде өзіндік сананың қалай жұмыс істейтінін 
түсіндіресің. Дәл қазір мен де өз үлесімді қосуға мүмкін
-
дік алып отырмын, сенің жаңа қойған «неге адамдарда 
бұл қасиет сирек кездеседі?» деген сұрағыңа жауап беріп 
көрейін. 
Мен сендерге жұмақтағы Адам мен Хауа туралы 
айтып берейін. Көп адам оны біледі, бірақ оны түсіне 
бермейді. Тольтектердің болжамы бойынша бұл ежелгі 
уақытта болған қарапайым оқиға емес, ол мен және сен 
туралы тарих. 
Алғашында біз жұмақта тұрдық. Бұл белгілі бір жер 
емес, өзімізді және бізді қоршаған әлемді қалауымыздағы
-
дай көретін сезім деп айтса болады. Бұл оқиғада екі ағаш 
туралы сөз болмақ. Біріншісі – таным ағашы болатын
адам мен Хауаға оның жемісін жеуге тыйым салынған. 
Оларға тіпті ағашқа жақындауға тыйым салынды, олар 
талапты орындамаса жұмақтан қуылатынын жақсы білді. 
Неге Құдай олардың бұл ағашқа жақындағанын қала
-
мады? Өйткені оның бұтақтарында өте үлкен және өте 
улы жылан өмір сүрді. Бұл жылан қорқыныш пен үрей
шашатын еді. Қорқыныш оның уы болатын. Сондықтан 
да ағаштың жемісін жегендер жыланның дауысын естіп, 
әп сәтте қорқынышпен, үреймен уланып қалар еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет