Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет25/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

61
60
Адам және Хауа оны білген жоқ, олар барлығына 
сенетін. Тыйымға қарамастан олар ағашқа жақындады да, 
жыланның дауысын естіді. Жылан сөйлей бастады ... .Біз 
бұл оқиғаға сенеміз, өйткені ол бәріміз туралы. Дон Хосе 
үнсіз қалды. Марк:
– Бұл қандай оқиға? Және неге оны әрқайсымыз 
туралы дейсің? – деп сұрады.
– Көп адам бұл оқиғаны біледі, мысалы Библия
-
дан. Адам және Хауа жемісті жеді де, барлығы өзгерді, 
жұмақтан қуылды. Тольтектер: «Оқиғаның қиратқыш 
күші ішкі күмән мен қорқынышты туындатады» дейді. 
Адам мен Хауа бізді және біздің оқиғамызды білдіріп 
тұр. Біз әлемнің мейірімділігіне, өзімізге сенуден қалдық. 
Біз күмәнмен уланғанбыз. 
Біз шындықтан теріс айналамыз. Ал шындық болса: 
«біз бар болмысымызбен өзімізге ұнаймыз» дейді. Біз 
өзіміз туралы жалған тарихқа сенеміз, ал шындықтан 
теріс айналу – күнә. Өзімізге күнә артып, өз-өзімізге 
сенуден қалдық. Сенімділігімізді жоғалттық. 
Жылан бізге екі жалған ой айтты, біріншісі – сен аса 
жақсы адам емессің, қолыңнан түк келмейді, махаббатқа 
лайық емессің. Сондықтан да көп адам өзінің кім екенін 
білмейді. Біз өз болмысымыздан қаша алмаймыз. Біреу
-
дің бейнесіне кіру арқылы кім екенімізді ұмытамыз және 
мына әлемге не үшін келгенімізді түсінбейміз. 
Екінші жалған ой одан да сорақы: сенің қолыңнан 
келмейді. Кішкентай балалар қолынан бәрі келетініне 
сенімді, сондықтан да олар жұмақта өмір сүреді. Оларға 
аса жақсы емес екендерін айта бастайды. Нәтижесінде екі 
оқиға да өмірлік, біздің қолымыздан түк келмейді, ананы 
істей алмаймыз, мынаны да істей алмаймыз. 
– Сен екі оқиғаны бір арнаға тоғыстырып жіберген 
сияқтысың, – деді Марк. 
– Иә, – деп келісті Хосе – қысқаша айтқанда сен 
лайықты емессің, түк білмейсің, қолыңнан ештеме 
келмейді дегенге саяды. Бұл оқиға біздің жеке тұлға
-
мызды анықтайды, сол арқылы әлем бейнесі және өз 
келбетіміз қалыптасады. Библияда Адам мен Хауа жемісті 
жегеннен кейін өздерін жалаңаш сезінгені айтылады. 
Олар өздерін кінәлі және лайықсыз деп сезінгендіктен 
Құдайдан тығылып қалады. Осылайша олар өздерінің 
жұмағын жоғалтып алады. 
– Өзіндік санада бұл нені білдіреді?
– Олар сол өзіндік сананы жоғалтып алды. Олар өз- 
дерінің кім екенін, неге қабілетті екенін, несімен баға
-
лы екенін ұмытып қалды. Олар әлемді түсінуден қала
-
ды, өйткені әлем біздің ішкі дүниеміздің көрінісі. Демек, 
олар әлемге де сенбейді деген сөз.
– Күдеріңді үзе бер дегендей естіледі екен, – деді 
Марк.
– Жоқ, - деп күліп қойды Хосе – оқиға мұнымен біткен 
жоқ. Менде жақсы және нашар жаңалық бар. Өз-өзімізге 
сенімділікті жоғалтқанымыз – нашар жаңалық. Жақсысы 
сол, біз оқиғаны ары қарай өзіміз өрбіте аламыз. Шын 
мәнінде екі ағаш бар ғой. Біріншісі – жалғандық жаршы
-
сы, біз оған сенбеуіміз керек, оны тыңдамау керек. Екінші 
ағаш – өмір ағашының дауысына құлақ салуымыз керек. 
Оның жемісін жесек, өз-өзімізге сенімді боламыз, жігер 
пайда болады, армандарымыз ешқашан өшпейді. 
– Өмір ағашынан келетін даналықты сен қалай түсін
-
дірер едің?
– Екінші ағаш: «Мен лайықтымын. Менің қолымнан 
келеді» – деп сендіреді. 
– Бұл оқиғадан қандай сабақ алу керек екенімізді 
түсіндіріп берші, – деп өтінді Марк.
– Біз өз тарихымызды өзіміз жаза аламыз. Біз арма
-
нымызбен өмір сүре аламыз, өз ойымызды және өзіміз 
туралы пікірімізді өзгерте аламыз. Біз күн сайын жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет