Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет29/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Өзіңе сену
– барлығы қолымнан келетінін 
Мен өмірге және достарыма сенемін


69
68
білемін.
Өзіңді құрметтеу
– мен өзімді құрмет пен махаб- 
батқа лайықпын деп санаймын. 
Өзің туралы түсінік
– 
мен кім екенімді білемін және оған шүкіршілік айтамын. 
Содан бері мені: «Ал мен кіммін?» – деген сұрақ мазалай
-
ды. Менің қазір оған жауабым жоқ.
– Сенің рухани дамуың өзіңе: «Мен кіммін?» деген 
сұрақты қойғаннан басталады, – деп түсіндірді дон Хосе. 
Карлға әлі бәрі түсініксіз еді. 
– Сенің рухани дамуың жауаптан емес сұрақтан 
басталады. Жауабы кейіннен өзінен өзі келеді. Бастысы, 
жауабына ниетің ашық болса, болғаны. 
Карл осы сұрақты қойғанына мәз болды. Ол сұрақтың 
жауабын бірден іздеу керек деп ойлап еді, жауабын таба 
алмағасын жаны жай таппаған еді. Тек сұрақ қойып жүре 
беруге болатынын білгенде дәл бұлай қиналмас еді. 
– Менің өзім де жауабын ұзақ іздедім, – деді дон Хосе. 
– Сосын сұрақты басқаша қойдым: «Мен кім болғым 
келеді?». Сол кезде менің басыма бірден мен үшін маңыз- 
ды және маңызы жоқ нәрселер, яғни немен айналысқым 
келеді және нені қаламаймын деген ойлар келе бастады.
Бастысы мен өзімнің не қаламайтынымды түсіндім. Бұл 
өте жеңіл болып шықты. Сен де жасап көр. 
Карл оған өзінің юрист мамандығына оқып жүргенін, 
бірақ оны ұнатпайтынын айтты. Айтып жатқанда оны 
анық қаламайтынын ұқты. Карл осы кезде «Оқуды тастау 
керек» деп шешті. Осы ойын Хосемен бөліскенде, ол:
– Осы уақытқа дейін сен басқа адамдарды: әке-ше
-
шеңді, достарыңды тыңдап келдің де, бұл сенің оқиғаң 
деп ойладың. Алайда бұл басқа адамдар құрастырған 
бейне, олар сені осыған сендірген, сенің болмысыңнан 
келіп тұрған жоқ. Сондықтан да сен бақытты бола алма
-
дың. Енді сен өз оқиғаңды құрастыра алатыныңды білесің.
Ол үшін өзіңе мынадай маңызды сұрақ қоюың қажет: 
«Менің не үйренгім келеді?», «Кім болғым келеді?», 
«Менің мақсатым қандай?», «Неге қол жеткізгім келеді?», 
«Айналамдағылар үшін кім болғым келеді?». 
– Ең алдымен мен Аннаның арманындағы ер азамат 
болғым келеді, – деді Карл.
– Онда сен ол азамат болғаныңды түсінуің керек. 
Сен қалаған адамың бола аласың. Адамның қабілетінен 
тыс және оған қажетсіз арманы болмайды. әйтпегесе бұл 
табиғат босқа күш жұмсады деген сөз болар еді. Сен егер 
өзіңе мен кіммін және кім болғым келеді деген сұрақты 
үздіксіз қояр болсаң, мұны жақсы түсінесің. Ары қарай 
саған одан сайын түсінікті бола береді. Біз туралы басқа
-
ралардың айтқаны шындыққа жанаспайды. Ол тек бірінші 
ағаш айтқан жалған әңгіменің көрінісі. Уақыты келгенде 
сен өзіңе кім екеніңді айтатын боасың. 
– Жақсы болар еді. Бірақ мен оны қалай істеуді 
білмеймін, – деді Карл күмәнмен. 
– Сен оны шын мәнінде қалайсың ба?
– Әрине.
Дон Хосе риза кейіппен:
– Өзіне сенімді, өзінің бағасын білетін адамдар өзіне: 
«Мен махаббатқа лайықпын. Мен өзімді жақсы көремін. 
Мен өзімді мақтан тұтамын» дейді. Сен өзің туралы 
осылай айта аласың ба?
– Айтқым келеді.
– Онда айт. 
Карл оған түсінбей қарады да:
– Мен өзім туралы осылай ойлағым келеді деп
тұрмын ғой, –деді. 
– Әлбетте. Алайда ойлау үшін алдымен айту керек. 
Жай ғана айнаның алдына тұр да: «Мен сені жақсы 
көремін, Карл. Мен сені мақтан тұтамын» – де. Және не 
үшін мақтан тұтаныңды да айтып қой. 
– Одан не ұтам? Мен бәрібір сенбеймін ғой, – деп 
сұрады Карл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет