Қолымнан келеді бодо шефер менің


Адам өз-өзіне көңілі толмаса, өміріне де



Pdf көрінісі
бет16/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Адам өз-өзіне көңілі толмаса, өміріне де 
көңілі толмайды
Марк Твен


43
42
«Дұп-дұрыс» деп ойлады Карл. – «Менің өміріме 
көңілім толмайды, өзіме тіпті де толмайды». Кенет 
ол қорқатынын байқады. Ең қажетті сәтте сәтсіздікке 
ұшырап қалам деп қорқады. Мысалы қазіргі жағдайдағы
-
дай. Ол: «Мен жиі қорқамын» деп мойындады. Тағы оған: 
«Мен қазір қорқамын деген ойдың өзі маған қорқыныш 
ұялатады» деген ой келді. 
Карл өзіне ұрсуын тоқтатар емес: «Алдымда мен 
армандауға да қорқатын керемет әйел тұр. Өзі ашық 
әңгімелесуге шақырып тұр. Мен болсам қарсы боламын. 
Мен мүлдем түкке жарамсызбын». Осы кезде көзіне тағы 
бір жазу түсті:
Шынында да ол өзін сыбап келе жатыр еді. Бірақ өзіне 
осылай болу керек сияқты көрінетін. Алайда, өз-өзімен 
соғысуды қаламайды. Ол тағы бір тақтайшадағы жазуды 
оқи бастады:
«Болды, осы да жеткілікті. Бұлардың бәрі маған 
ештеме бере алмас. Аяғында масқарам шығады тек» деп 
ойлаған ол, Лизаға барып, қоштаспақшы болады. 
Лизаны ол кабинетінен тапты. Ол Карлға жымия 
қарады. Карл бір кезде қашып кету ақымақтық боларын 
түсінді. Ол барлық ерік-жігерін жинап алды да, Аннаның 
«Өзіндік сана» академиясында немен айналысатынын 
сұрады. Лиза жымия отырып, басын изеді де:
– Ұнап қалды ма? Түсінуге болады. Ол керемет жан. 
Ол маркетинг қызметінің басшысы, – деді. 
– «Өзіндік сана» академиясына маркетинг қызметі не 
үшін керек?
– Ол жетекші компаниялардың жоғары басшыла
-
рына қызметкерлерінің бойындағы өз-өзіне сенімділікті 
қалыптастыру маңызды екенін түсіндіреді, – деп Марктің 
сөздерімен түсіндірді Лиза. 
– Түсінікті, сонан соң бұл қызметкерлер болашақтың 
өнімін жасайды, – деп есіне түсірді Карл.
– Дәл өзі. Анна Марктің зерттеулерінің нәтиже
-
сін Маркпен талқылай отырып, оның негізінде түсінік
-
ті тілмен шолу жасайды. Былтыр ол схема дайындады
оның сәтті шыққаны соншалық, Марк оған 100 мың евро 
сыйақы тағайындады. 
Карл бұған дейін алған әсерінің ықпалында тұрған 
болса, мына сөздерден кейін оның салы суға кетті. Бұл 
оның киностудияда жеті жыл жүріп тапқан табысынан да 
көп еді. 
Ал Лиза түк болмағандай сөзін жалғастыра берді:
– Схеманы көргің келе ме?
Бір мезетте түңілу мен қызығушылық сезімін қатар 
бастан кешіп тұрған Карл келісті. 
– Бұл пирамида. Оның ерекшелігі де осында. Қара
-
пайымдылығына қарамастан пирамида физикадағы ең 
мықты құрылым. Мінекей. 
Ол Карлға әдемі әрленген карточка берді. Ол мұқият 
қарай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет