Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет99/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

223
222
ды білдіремін. Сендер фирманың істерін дөңгелетіп 
отырғанда, мен өз дәрістерім мен кітаптарымды алаңсыз 
жаза аламын. 
Мен Академияның барлық қызметкерлеріне риза
-
шылығымды білдіремін. Оның барлық бөлімшесі маңыз- 
ды және мен сіздермен қызметтес болғаныма қуанамын. 
Мен сіздерді мақтан тұтамын, қабілеттеріңізге бас иемін. 
Мен кітабымды басып шығарған Штефан Йосқа 
алғыс айтамын. Ол бұл кітапқа сеніммен қарады және 
мен оның алғашқы пікірін ешқашан ұмытпаймын. 
Менің редакторым Катарина Фостнерге рақмет, ол 
маған үнемі қолдау көрсетеді және менің ессіз жоспарла
-
рымды тыңдауға әрдайым дайын. 
Мен өзімнің балаларым: Джессиге, Мигельге, 
Марлонға олардың маған деген махаббаты үшін, менің 
өмір жолымды түсінгені үшін алғыс білдіремін. Мен 
сендердің дамығандарыңа қарап қуанамын және сендерді 
мақтан тұтамын. Өмірде не жоспарласаңдар да оларға қол 
жеткізетіндеріңе сенімдімін. 
Мен достарыма ризашылығымды білдіремін. Вальтер, 
Вольфганг, Крис, Кристиан, Хосе – сендердің кеңестерің 
баға жетпес, сендер менің өмірімдегі байлығымсыңдар. 
Маған ұдайы ұлгі бола білген кеңесшілерім мен 
тәлімгерлеріме рақмет айтамын. Дитер, сенімен бірге 
болған серуендеріме ештеме жетпейді. Питер және Дэн 
көп жылдар бұрын берген сендердің кеңестерің менің 
қазіргі жетістіктерімнің себепшісі болды. Мен Тони 
Роббинске, Рассел Брансонға, Дипак Чопреге, Опре 
Уинфриге, Нельсон Мандельге алғысымды білдіремін. 
Сіздер маған үлкен шабыт бердіңіздер!
Сонымен қатар мен Марк Авелийден бастап, Эпик
-
тет, Сенека сияқты жазушыларға, ойшылдарға, қайраткер
-
лерге алғысым шексіз, мен олардан көп нәрсе үйрендім. 
Баршаңызды айтып шығу мүмкін емес. Сіздердің еңбек
-
теріңізді оқу арқылы үлкен мүмкіндіктерге ие болдым. 
Мен еш жерде нольден бастамаппын. Сіздер мына әлемге 
өлшеусіз даналық сыйладыңыздар! Сіздерден үйренген
-
дерімнің барлығын басқа адамдарға өзімше беруге тыры
-
самын. 
Сондай-ақ, мен өзімнің клиенттеріме, достары
-
ма және әлеуметтік желілердегі (Youtube, Instagram, 
Facebook және TikTok) 800 жазылушыма алғыс айтамын. 
Сіздерсіз менің қолымнан ештеме келмес еді. Сіздер 
маған шабыт және мотивация бересіздер, менің шығар
-
машылығыма ерекше мән бересіздер. Біз бәріміз бірге 
мына әлемді жақсарта аламыз. Біздің қолымыздан келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет