105 104 фактордан гөрі жағымсыз факторларға назарымызды көп
аударамыз деген сөз. Және оларды есте жақсы сақтаймыз.
Өкінішке орай, бұл позитивті нәрселерді бағаламаймыз
деген сөз.
– Ал бүгінде қорқыныш қандай мәнге ие? – деп
қоймады Карл.
– Қазір білетін боласың. Біз негативті көңіл-күйде
-
гі адамдарға көбірек құрмет көрсетеміз. Барлық эмоци
-
ямен қуатталған сөздердің 62 пайызы негативті реңкке
ие және бұл барлық тілге қатысты. Осыған байланысты
біз бақытты сәттердің көпшілігін автоматты тұрде байқа
-
маймыз, қорқыныш сезінеміз. Соңғы екі жарым миллион
жыл бойы бұл біздің тірі қалуымызға көмектесті, миымыз
бізді батылдыққа бағыттамауы керек, бізді қорғауы керек,
өйткені ол біздің өмірімізді сақтап қалғысы келіп тұр
емес пе. Сондықтан да ол негативті жағдайлар пози
-
тивті жағдайлардан сирек болады деген фактіні елегісі де
келмейді.
– Сондықтан да біз ақ қағазды көрмей, қара шрифті
көреміз, – деді ойлы қалпында Карл. Ол Маркке Аннадан
үйренгендерін айтып берді.
– Керемет образ! Анна сөз сиқыршысы ғой, – деді
қуанышты Марк.
– Онда мен былжырақ, босбелбеу емеспін ғой, – деп
өз ойын дауыстап айтып салды Карл. – Қарапайым адам
болғаным ғой. Тек миым солай жұмыс істейді де.
– Әрине, бәрі дұрыс. Сенің қазіргі жағдайың барлық
адам өтетін даму жолы, – деп түсіндірді Марк, сөйтті де:
– Алайда оны көп адам біле бермейді. Өзіндік сананы
көтеру соншалықты қиын шаруа емес. Сол кезде қорқы
-
ныш сезімі автоматты түрде әлсірей береді. Үдеріс қорқы
-
ныштан өз-өзіне сенуге дейінгі төрт қадамнан тұрады.
Біріншіден, адам өзінің тәжірибесін түсінуі керек. Екін
-
шіден, оны бағалауы керек.
– Яғни дүрбінің қай жағынан қарайтынын шешу
керек, – деп Марктің сөзін бөлді Карл. Ол Аннаның
тұжырымдарын айтып берді. Марк тағы қуана:
– Біз осы образдарды өзіндік сана туралы фильміміз
-
ге қосуымыз керек, – деді.
– Келісемін, – деді Карл.
– Үшіншіден, позитивті тәжірибе жинау керек,
төртіншіден, оны пайдалану қажет. Өзімізге қажет кезде
оны жадымызда жаңғыртып алып отыруымыз керек.
– Мұның бәрі теория. Өкінішке орай, мен оны прак
-
тикада қалай жасау керек екенін білмеймін.
– Мен оны қуана көрсетемін, алайда қазір менің
басты ұстазымның бірі Михаэльмен таныстырайын.
Марк үлкен клиниканың қасына келіп тоқтады.
Карлға Марктің Михаэль туралы құрметпен айтқан
әңгімесі әсер етті. Олар ғимаратқа кірді. «Михаэль деген
үлкен профессор шығар» деп ойлады Карл.
Марк аурухананы жақсы білетін болып шықты. Олар
ұзын дәлізбен біраз жүріп, бір есіктің қасына келіп тоқта
-
ды. Марк есікті қақты. «Кіріңіз» деген әлсіз дауыс шықты.
Үлкен кереуеттің үстінде жасы он екілер шамасын
-
дағы өңі боп-боз бала отырды. Оның басында шашы жоқ
еді. Марк оның қасына барып, мейіріммен құшақтады,
сосын Карлға бұрылды да:
– Танысып қойыңдар, бұл – Михаэль, Михаэль ал
мынау – Карл, – деді.
– Сәлем Михаэль, – деп Карл балаға қымсына қолын
ұсынды. Жауап ретінде бала Карлдың қолын қатты қысты.
Карл: «Марк ескертсе болатын еді ғой. Бұл болса ауру
бала емес, профессормен кездесем деп келген еді. Оған
не болды екен?» деп ойлады. Карлға не болғаны қызық
болса да, ол туралы сұрау ыңғайсыз деп ойлады.