Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет48/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

109
108
ныштан арылуды үйретер едім. Бәрі қарапайым. 
Карлдың аралас сезімдерден басы қатып тұр еді. 
Михаэльдің мұнда несі бар? Шынтуайтқа келгенде бұл 
оның өмірі ғой. Михаэль оны ақмақ қылып қойды. Алайда 
баланың өмір сүруіне бірнеше ай ғана қалды, сондықтан 
Карлдың жаны ашып та тұр еді. Бір жағынан зығырда
-
ны да қайнап тұрған еді. Сонан соң ол өзіне қадалған
Михаэльдің көздерін байқап қалды. 
– Сен қорқасың, – деді ол.
– Иә, қорқамын, – Карл танымайтын балаға осынша
-
ма ашылғанына таңқалды. – Ал сен қорықпайсың ба? 
Ол тілін тістеп алуға дайын еді. Қалайша үмітсіз, 
ауру баладан осылай сұрады екен. 
– Міне, ойыңдағыны жасырмай айта бастадың. Жоқ, 
қорықпаймын. Өлімнен де. 
– Шынында да ма?
– Шынында да! Көп адам өлімнен қорыққандықтан, 
ол туралы жаман ойлайды деп ойлаймын. Алайда өлімнен 
кейін керемет нәрсе болуы да мүмкін ғой. Мүмкін бізден 
бұрын өлгендер бізді сол жақта күтіп жатқан болар. Онда 
бұл жердегіден де жақсы шығар. 
Карл таңқалды. Мына бала осыншама күшті қайдан 
алып жатыр?
– Ал енді күл, – деді Михаэль. – Сен неге қорқасың 
соншалықты?
– Оны өзім де білмеймін. Мүмкін жақсы актер бола 
алмаймын деп қорқатын шығармын. Ол кезде менде 
диплом да жоқ, актерліктен де ештеме шықпайды, ата- 
анам миымды жеп қояды. Мен өз-өзімді жек көріп кетем, 
ақша табу үшін әйтеуір бір жұмыс тауып алам... 
– Иә, жігітім, жағдайың мәз емес екен. Дегенмен 
біз оны жеңіп шығамыз. Саған шын мәнінде неден қорқу 
керек екенін білесің бе? Арманыңды тұншықтырып 
тастаудан қорқу керек. Ал сен болса ел не дейді деген
-
нен қорқасың. Оның бәрі түкке тұрмайтын нәрсе. Сенің 
өзіңе деген күмәнің – басқа адамдардың күмәны. Сен оны 
тек түпсанаңа сіңіріп алғансың. 
– Мұның бәрін қайдан білесің? – деп сұрады Карл.
– Ми айтып берді, – деп күлді Михаэль Маркті
нұсқап, – ол маған көп нәрсе айтты! Бұл маған өте маңыз- 
ды. Марк маған күнде WhatsApp-қа түрлі даналық ойлар 
жіберіп отырады. Бүгін ол маған Йоданың сөздерін 
жіберді. Ол «Жұлдызды соғыстардағы» джедайлардың 
магистрі. Номеріңді берші, мен саған жіберейін. 
Карл оған телефон номерін берді. Сол сәтте оған 
хабарлама келді:
– Күшті иә? – деп сұрады Михаэль.
Білмеймін, шындыққа жанаса ма екен бұл?
– Сен не Йодаға сенбей тұрсың ба? Ол тіпті Марктен 
де ақылды!
– Олай болуы мүмкін емес, – деп әзілдеді Карл. 
– Міне, сен күле бастадың. Дегенмен, мен сенің жауа
-
быңды күтіп отырмын.
– Қандай жауап?
– Мынаны қара, қандай жауап дейді ғой тағы! Қандай 
жауап екені белгілі емес пе, мені өзің түсетін фильмнің 
түсіріліміне алып барасың ба деймін?
– Мен қазір кафетерийге барып бірдеңе ішіп
келейін, бір жағынан ойланып алам. Сонан соң жауап 
берейін саған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет