107 106 Михаэль Карлдың қобалжып тұрғанын сезгендей:
– Сен мынау ауруханада не істеп жатыр деп ойлап
тұрған шығарсың? Менің миымда ісік бар. Операция
жасауға кеш... Дәрігерлер маған бір ай мен үш айдың
арасында өмірің қалды деп отыр.
Карл ештеңе айта алмай қалды, көмейіне өксік тірел
-
ді. Ол бірден Маркке қарап еді, ол Михаэльдің сөзін
құптап, басын изеді.
Михаэль иығын қиқаң еткізді де:
– Марк маған сен туралы көп айтқан. Ол сен жақын
-
да керемет актер боласың деді. Бұл ең тамаша мамандық
деп ойлаймын.
«Өзін сабырлы ұстайды екен» деп таңырқады Карл.
Мұндай ауыру бала мұңға батып жатпас па еді.
Михаэль оның ойын бөліп жіберді:
– Ең керемет футболшы болғым келген. Енді одан
түк шықпатын түрі бар.
Марк бұған не деп жауап берерін де білмеді.
– Марк маған сенің жарық қондырушының дубле
-
ры болып жұмыс істейтініңді айтқан. Енді арманыңды
орындайтын уақыт жетті деді, – Михаэль Карлға ойлана
қарады: – Қашан бастайсың?
– Оны бірден айту қиын. Маған қазір таңдау жоқ.
– Менің таңдауым жоқ. Мен енді футбол ойнай
алмаймын. Ісік миымдағы бірнеше нүктені басып, мен
тіпті қозғала да алмаймын.
– Өте өкінішті, – деп міңгірледі Карл.
– Сен өкінгеннен мен жеңілдеп қалмаймын. Алайда
сен маған үлкен қуаныш сыйлай аласың, – Михаэль Карл
-
дың көзіне тура қарады да: – Мені қуантқың келе ме? –
деді.
– Әрине, – бұл сұрақ тұтқиылдан қойылды. Карл бұл
баланың өзіне ұнап бара жатқанын сезді.
– Жақсы, – деп басын изеді Михаэль. – Менің кино
-
ны қалай түсіретінін көрсем деген үлкен арманым бар.
– Оны көрсете аламын, – деді Карл.
– Бұнымен менің тілегім бітпейді. Марк сен туралы
айтқаннан кейін сенің фильмде түскеніңді көргім келеді.
– Енді бұл туралы уәде бере алмаймын, – деп Карл
көзін төмен түсірді.
– Бере аласың. Марк сенің актер болам деп нақты
шешім қабылдағаныңды айтты. Ендеше актер бол. Менің
уақытым көп емес.
Карл қабағын шытып, Маркке қарады да: «Бұл тағы
қандай қойылым?» деп ойлады, бірақ оның дауысы
шығып кеткен еді. Марк үндемеді.
– Бұл қойылым емес. Мен сенен «мені қуанта аласың
ба» деп сұрадым, сен «иә» дедің.
– Иә, сондай шешім қабылдағаным рас. Бірақ тап
солай болады деген сөз емес қой. Көп адам әртіс болғысы
келеді, дегенмен олардың бәрі әртіс бола бермейді.
– Бірақ мен көппен емес, сенімен сөйлесіп тұрмын
ғой, – деді Михаэль. Оның жүзі жиырма жасқа есейген
-
дей көрінді.
– Аурулар туралы ең үлкен өтірік не екенін білесің
бе? Адамдар егер бір адам ауырса, одан пайда жоқ, оның
қолынан ештеме келмейді, оның өмірінің мәні жоқ деп
ойлайды. Бұл дұрыс емес. Иә, мен енді футбол ойнай
алмаймын. Алайда мен саған актер болуға көмектесе
аламын. Мен солай болғанын қалаймын және солай бола
-
тынын анық білемін.
Карл балаға күмәнмен қарады.
– Маған неге олай қарайсың? Саған біреу шындықты
айтуы керек қой. Анна саған ғашық болса, сенің жақсы
адам болғаның. Мен егер ересек болсам, оған ойлан
-
бастан үйленер едім. Ол сенің дарының керемет деді.
Марк те саған сенеді... Ал сен болсаң әр қадамыңнан
қорқасың. Сен қорқақсың дер едім мен. Ал мен қорқы
-