143 142 екеуінің қарым-қатынасы да жақсара түсті. Марк оны
мақтан тұтатын және оның жан досына айналды. Және
кішкентай батыр Михаэль де оған сенетін еді.
Карл Михаэльге үнемі баруды әдетке айналдырды.
Баланың жағдайы тұрақсыз болатын, кейбір күндері ол
қозғала да алмайтын, кейде тіпті сау сияқты көрінетін.
Дегенмен де Карл келгенде өзін жақсы ұстауға тырыса
-
тын еді.
Олар дос болып кетті. Кездесу кезінде кейде ойнап
кететін, кейде көп сырласатын. Карл Михаэльден көп
нәрсе үйренді. Өзін-өзі танып үлгермеген Карл бір күні
баладан тікелей сұрады:
– Сенің ойыңша мен кіммін?
– Бәрі түсінікті ғой, сен – актерсің. Менің ойымша
сен керемет актерсің.
– Алайда мен фильмге түсіп жатқан жоқпын ғой.
– Сол түсініксіз болып тұр ғой! – деп дауыстады
Михаэль. – Сен нағыз актерсің. Әйтеуір бірде бастауың
керек қой.
Карл: «Оныкі дұрыс. Мен актермін. Не деген керемет
бала мына Михаэль» деп ойлады. Карл оны ұзақ құшақтап
тұрды.
Сол күні кешке ол Жетістіктер күнделігіне: «Мен
кім екенімді білемін. Мен актермін. Жақында ол менің
мамандығым болады» деп жазып қойды. Сонан соң
жақсы актер болу үшін қандай қабілеттері бар екенін
жазғысы келді де, өзін тоқтата алмай қалды.
Үш күннен кейін түскі аста Маркпен кездескенде,
Карл жақсы жаңалықты жеткізгенше асықты:
– Мен енді кім екенімді білемін, мен – актермін.
– Бұл маған түсінікті, – деп қуанып кетті Марк. –
Мәселе сенің қандай актер екеніңде.
Оған Карл қалай жауап берерін білмеді.
– Бұл маңызды сұрақ, – деп жалғастырды Марк. – Сен
не нашар актерсің, не керемет актерсің.
– Тұра тұршы, – деді қиналып кеткен Карл: – орташа
-
сы жоқ па?
– Жоқ, кез келген адам осыны айқындап алуы керек.
Бұл сұраққа қалай жауап берсең, сенің болашақ өмірің де
солай болады.
– Төменгі деңгей – бұл онша емес. Ал жоғары деңгей
дегеніміз асыра сілтеушілік сияқты. Сен өзің үшін жоға
-
ры деңгейді анықтап алдың ба? Анна да ма?
– Иә. Өзін элитаға жатқызу, ол шынында да мақтан
-
шақтық болып көрінуі мүмкін. Бұл жерде бастысы
мүмкіндігінше жақсы нәрсеге талпыну керек деген
қағиданы ұғынуымыз керек. Және барынша көп адамға
көмектесуіміз қажет.
– Мен де оны қалаймын, – деп шешім қабылдаған
Карл оның дұрыс екенін сезінді.
– Қуаныштымын. Біздің клубымызға қош келдің.
Енді мен саған тағы бір нәрсе айтқым келіп тұр. Ол үшін
ауруханаға Михаэльге барамыз, сен сол жерде маған,
Аннаға және Михаэльге бір көрініс қойып бересің.
Марктің түпкі ойын білмесе де Карл келісім берді. Ол
бір қиын көрініске жақсылап репетиция жасап, дайын
-
далды.
Көріністі тек бір аптадан кейін ғана қоюға тура
келді. Карл бірден үш актердің ролін ойнады. Бірден ым-
ишараларын, дауысын өзгертіп, бір жерден екінші жерге
жүгіріп жүріп орындады. Шын мәнінде үш адам жүрген
-
дей сезімде қалдырды.