«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі»


Шығыс Қазақстанның өткендегісі ертедегі ғалымдар мен зерттеушілердің және саяхатшылардың еңбектерінде



бет3/9
Дата01.05.2018
өлшемі5,34 Mb.
#40345
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шығыс Қазақстанның өткендегісі ертедегі ғалымдар мен зерттеушілердің және саяхатшылардың еңбектерінде.

Шығыс Қазақстанның көне және орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде көптеген деректердің ішінде маңызды орын алатыны жазбаша деректер: жазбалар, күнделік жазбалар, зерттеулер және т.б.

Өкінішке орай олардың бізге аз бөлігі ғана жетті. Көптеген құнды қолжазбалар мен материалдар өрттен, жер сілкінісінен, су басудан, қалалардың қирауынан жойылған. Көптеген сақталып қалған жұмыстар әлі де болса араб, қытай, ағылшын және де басқа тілдерді меңгерген зерттеушілерін тосуда. Геродоттың «Тарих» атты аса көне дерегінде Қазақстан территориясында мекен еткен тайпалар, соның ішінде аримаспи тайпасы сөз болады. Қазіргі заман тарихшылары мен археологтары бұл ауданды Қазақстанның солтүстік-шығысымен және Алтаймен байланыстырады. Ғалым Н.Я.Бичурин (1777-1853 ж.ж.) өзі аударған көне Қытай деректері негізінде жазылған «Сведения о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты жинағында алып территорияны мекен еткен ғұндар мен түріктер туралы мәліметтер береді.

Аймақтың тарихы, географиясы, этнографиясы жөнінде құнды материалдар әл-Якуби (IX ғ.), әл-Масуди (X ғ.), Гардизи (XI ғ.), әл-Идриси сынды арап және парсы авторларының еңбектерінде кездеседі. Олар қимақтардың, қыпшақтардың мекендеген аудандарын, олардың шаруашылығы мен саудасының дамуын сипаттайды.

ХІІІ ғасырда Рашид ад-Дин Монғол мемлекетінің тарихын зерттей отырып, жазбаларының жинағында олардың жаулап алған территорияларында өмір сүрген халықтар жөнінде баяндайды.

ХІV ғасырдың екінші жартысынан бастап Шығыс Қазақстанның үлкен бөлігі Моғолстан құрамына енді. Бұл жөнінде Мұхамет Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің беттерінен біле аламыз.

Еуропалықтар Орталық Азия мен Қазақтанды ХІІІ ғасырдан бастап зерттей бастаған. Монғол дәуірі кезінде Қазақстанға алғашқы Еуропа елшілілері келген. Солардың ішінде Плано Карпини мен Гильом Рубруктың жол жазбаларында, өздері жүріп өткен жерлеріне қатысты құнды сипаттамалар және мәліметтер кездеседі.

ХVII ғасырдан Шығыс саясатының кеңеюіне байланысты біздің өнір бойынша қызықты мәліметтерді орыс авторларының еңбектерінен кездестіреміз. Федор Байков (XVII ғ.) Батыс Сібірден Қытайға дейін Қазақстаннің Ертіс бойы арқылы өтетін жолдың, оның табиғаты, алқаптары, таулары, шөлдері жөнінде алғаш рет нақты сипаттамасын берді.

Шығыс Қазақстанның терең зерттелуі XVIII ғасырдан бастау алады. Біздің өңір туралы нақты мәліметтер Иван Бухгольц, И.М. Лихарев, И. Унковский, П. Паллас, И. Фальк, И. Георги, И.К. Кирилов, И.Г. Андреевтің арнайы еңбектері мен есептерінде кездеседі.

1845 жылы Петерборда Орыс географиялық қоғамы құрылған болатын, ал 1877 жылы оның Батыс Сібірдегі бөлмі ашылды. Ол географиялық және этнографиялық зерттеулердің негізгі орталығына айналды. П. Семенов Тянь-Шанский, Г.Е. Грум-Гржимайло, Н. Прживальский, Г. Потанин, В. Сапожников, А.Обручев, П. Чихачев, Г. Щуровский, А. Гумбольдт, А. Брем және Ш. Уәлиханов сияқты орыс және Батыс Еуропа ғалымдары мен саяхатшылары өңірде ғылыми экспедициялармен болды. Өңір тарихы бойынша олар өз күнделіктерінде, есептерінде, ғылыми мақалаларында географилық, тарихи, статистикалық шаруашылық - тұрмыстық құнды шолулар жасайды.

Сақталған жазбаша деректер өңірдің саяси тарихының оқиғаларын бақылауға және аймақтың экономикасы мен мәдениетін білуге мүмкіндік береді.



  1. Қазіргі заман тарихшылары Шығыс Қазақстан туралы.

Шығыс Қазақстанның тарихы жөнінде мәліметтер көптеген мақалалар және тарихшылар мен географтардың тың монографиялық зерттеулерінде кездеседі.

Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының ғалымдары «Қазақстан қалаларының тарихы» деген кітаптар жинағының сериясын әзірледі. 1984 жылы Семей жөнінде кітап жарыққа шықты. Авторлық ұжымға Семейдің ЖОО-ның оқытушылары мен Семей облыстық мемлекеттік мұрағатының ғылыми қызметкерлері енді. Көптеген деректерге сүйене отырып Семей тарихын баяндаған олар, қаланың Ертіс бойындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық рөлін айқындады.

Атақты ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ж.Қ.Қасымбаев «1861-1917 жж. Шығыс Қазақстанның қалалары (әлеуметтік-экономикалық аспект)», «Семей қаласының тарихы (1818-1917)» атты монографияларында Семей қаласының құрылуы мен даму тарихын, өңірдің дамуында оның саяси, экономикалық және мәдени ролін айқындайды.

Шығыс Қазақстанның тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан әкелі-балалы Н.В.Алексеенко мен А.Н.Алексеенко болып табылады. Олардың еңбектерінде XVIIІ-ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуы баяндалады.

1970 жылы А.Н. Алексеенко басқа да авторлармен бірлесе отырып, «Очерки истории Рудного Алтая» деген кітапты шығарады, оның ішінде ерте заманнан бастап аймақ тарихының негізгі кезеңдері берілген. 2006 жылы ол аймақ халқының қоныстану мәселесін, экономиканың, білім және мәдениеттің дамуын құжаттар негізінде сипаттайтын «История Восточного Казахстана в документах и материалах» деген маңдай алды хрестоматиясының жұмысын аяқтады.

Шығыс Қазақстан тарихының түрлі аспектілерімен және онымен іргелес Алтай өңірінің мәселелерімен Б.Ж.Атантаева, Қ.Қ.Байсарина, М.Г.Ескендиров, С.К.Игибаев, Ғ.М.Қарасаев, Г.Т.Мусабалина, З.К.Самашев, Е.Б.Сыдықов, Р.О.Балғозина, А.И.Исин, М.К.Каримов, Е.Е.Сайлаубай сияқты т.б. шығыс-қазақстандық ғалымдар айналысады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

Тарихты зерттеуде археологиялық ескерткіштердің маңызы қандай? Шығыс Қазақстандағы ірі археологиялық экспедициялардың атқарған қызметтері. Орыс зерттеушілерінің Шығыс Қазақстанға деген қызығушылығы неден туындады? Шығыс Қазақстанды зерттеуде өлкетанушылардың қосқан үлесі қандай?


Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.

  4. Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.

  5. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.

  6. История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл.-Семей, 2012.- 94 с.

  7. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.

  8. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.

  9. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл. – Семей, 2012. - 224 с.

  10. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін 9 с. арналған эксперименттік оқу құралы. – Семей, 2013. - 194 б.

  11. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Экспериментальное учебное пособие для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 188 с.

  12. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептердің 9 с. оқушыларына арналған жұмыс дәптері. – Семей, 2013. - 72 б.

  13. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Рабочая тетрадь для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 72 с.

  14. История Восточного Казахстана. Ч. II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Хрестоматия для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО . – Семей, 2013. - 586 с.


Тақырып 3.Шығыс Қазақстандағы ежелгі көшпенділер. Тақырыптың оқыту әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Темір дәуірінің басты ерекшеліктері мен Темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар.Тақырыпты игерудің әдістемесі.

1. Темір дәуіріне өту.

2. Патша обалары..

3. Шілікті обасы.

4. Берел обалары.

1.Темір дәуіріне өту. Қола дәуірінен кейін адамзат таихының дамуында темір дәуірі келгені барлығымызға белгілі. Бұл дегеніміз – негізгі заттар: еңбек құралдары, қару-жарақ, бүкіл тұрмыстық бұйымдар жасалатын материалдардың жай ғана ауысуы емес, адамның тәсілдерінің үнемі жетіліп отыруына байланысты мүмкін болған өмір сүру салтының сапалық өзгеруі.

Адамның жаңаға үйренуі, оның өсуіне, қоршаған ортасының өзгергендігіне ғана емес, өмір сүру үшін, өзгерген жағдайға қарай бейімделуіне де байланысты.

Шығыс Қазақстанда темір дәуіріне өту б.з.д V-ІV ғасырларда, шаруашылықтағы негізгі төңкеріс-көшпелі мал шаруашылығына өтумен қатар келді.

Б.з.д І мыңжылдықта Еуразияның далалы аймағында, соның ішінде біздің аймақта ауа-райы күрт өзгеріп қуаңшылық келіп, қысы қатаң, жазы қысқа бола бастады. Егіншілікпен тек шектелген аудандарда ғана айналысу мүмкін болып қалды. Жиналған астық бүкіл аймақты қамтамасыз етуге жетпеді. Алыс аймақтарға көшу, бір тайпаның екінші жаңа жерге жылжуы, бір жайылым жерден екіншіге көшу, бір бұлақ көзінен екінші бұлақ көзін іздеуі - ерте көшпенділер дәуірін туындатты.

Адамзаттың көшпелі мал шаруашылығына өтуін, археологиялық қазба деректері дәлелдейді. Ат әбзелдерінің қалдықтары, ірі қара малдың, түйенің сүйектерінен олардың қолға үйретілгенін біліп қана қоймай, үй шаруашылығында да кеңінен қолданылғанын аңғарамыз. Атқа мінген адам малдарын алыс жайылымға айдай алды, өгіз бен түйеге жүк артып мүліктерін таси алып қана қоймай, оларды басқа жұмыстарда да кең пайдаланды. Өздерінің тұратын жерін сақтау үшін көшпенділер үлкен топтарға бірікті. Адамдардың бірлестіктері қаншалықты үлкен болса, соншалықты олардың арасындағы мүліктік және әлеуметтік жағдайлары көрініс берді. Адамның қоғамдағы маңызы қаншалықты болса, соншалықты оның атағы мен байлығының дәлелі бола алады.

2. Патша обалары. Далалы аймақтардың тұрғындарына обаны заманында біреулердің қолдан тұрғызылғандары, қойнында өткен дәуірдің құпияларын бүгіп жатқаны қаперлерінде болмай, жердің бедері сияқты үйреншікті болып кеткен. Оба - бұл тек зират қана емес, ежелгі адамдардың қоршаған әлем туралы түсінігінің көрінісі. Өкінішке орай, олардың көбісі тоналған. Ішіндегі құнды заттары ғана жоғалмай, сол сияқты олардағы жерлеу дәстүрінің жүйесі бұзылған. Шілікті және Берел обалары бүкіл әлемге әйгілі. Олардан табылған заттар бүкіл әлемді таңқалдырды. Бұларды патша обалары деп те атайды.

Шілікті обасы. 1947 жылы С.С.Черниковтың басшылығымен Ленинград экспедициясы Шілікті аңғарындағы (Тарбағатай) археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтерді тексеру және Шыңғыстау обаларына қазба жұмыстарын жүргізу үшін жұмыстарын бастайды. Сауыр мен Маңырақ жоталарының арасында орналасқан Шілікті аңғары жыл бойы мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы.

Археологтар Шілікті обаларының ортасында солтүстіктен оңтүстікке қарай түзу емес тізбекпен орналасқан топ обалардан тұратын моланы тауып алды. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метр, биіктігі 8—10 метр болса, кейбіреуінің диаметрі 20-40 метр, биіктігі 3-5 метрге дейін жеткен.



2003 жылы қазақстандық археолог А.Т. Төлеубаевтың экспедициясы Жалши ауылының маңынан Шілікті обалары молаларының екінші тобын қазуды бастады. Оба 17 зираттан тұрды, диаметрі 100 метрді, биіктігі 8-10 метрді алып жатқан. Шілікті обасынан сақ патшасының сүйегі табылды. Оған ғалымдар үшінші “Алтын адам” деп ат берді. Бірінші “Алтын адам”-Есік обасынан, екіншісі ХХ ғасырдың 90 - жылдары Батыс Қазақстанның Арал-төбе обасынан табылған. Шілікті обасы б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларға жатады және еліміздегі обалардың ішіндегі ең көнесі. Қазба жұмыстары кезінде 524 “Аң стилінде” жасалынған жоғарғы сападағы алтын бұйым табылған. Алтын бұйымдардың жоғарғы деңгейде, үлкен көркемдікпен жасалғаны таңқалдырады. Әшекейлерде жан-жануарлар: барыс, қабан, бүркіт, бұғы-марал табиғи қалыпта және ұшып бара жатқан сияқты жағдайда бейнеленген.

“Ұшқан бұғы” бейнесі халықаралық археология көрмелерінің және Қазақстан кәсіби тарихшыларын біріктіретін ұйым - “Тарихшылардың ұлттық конгресінің” символы етіп алынған. Бұл бейне Қазақстан Республикасының тарих ғылымының символына айналды деуге де болады. Көптеген табылған заттар Санкт-Петербургте Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы тұр.



Берел обалары. Биік таулы аңғардағы өзен жағалауындағы Берел обалары археологтардың назарын ертеде-ақ аудартқан. Барлық жағынан табиғи тосқауылдармен қоршалған алқап қорымдар салуға қолайлы. 30 шақты оба алқапта бірнеше тізбек жасап меридиан бойымен созылып жатыр. Бұлар б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Қазақстанды көз алдымызға әкелетін, бірден-бір ескерткіштер.

“Үлкен Берел” атанған бірінші обаны 1865 жылы Ресейдің белгілі ғалым-шығыстанушысы, академик Василий Радлов зерттеген. Ол 1865 жылы Берел қорымында қазба жұмыстарын жүргізгенде, обадан бүтін қарағайдан ойып жасалған табытқа жерленген мәйіт табылды. Жерлеу камерада солтүстік қабырғасында 4 жылқыдан жатқызылған 4 қатарда 16 жануар жерленген. 1 жылқы ойылған ағаштың ішіне салынған.


Берел обалары. Аэрофототүсірілім. «Алтай Фоталары» сайтынан Ю.Литвинованың фотасы
Осы қорымдардан осыған ұқсас обаны 1998-2000 жылдары А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының З.С.Самашев басқарған Халықаралық экспедициясы ашқан болатын. Олар да патша қорымын ашты. Патша, патшайым және 13 жылқы барлық безендірілген жиһаздарымен екі мың жылға жуық уақыт зерттеушісін күтіп жатқан. Обаның диаметрі - 30 метр, биіктігі - 5 метр. Бұл обаның ерекшелігі, оның жерлеу камерасы мәңгі тоңға орналасқан. Соның арқасында, басқа өңірлерде сақталынып қалмаған ағаштан, теріден, киізден жасалған жерлеу жабдықтарының өте сирек кездесетін коллекциясы табылды.

Оның құрылымынан жоғарғы құрылыс мәдениетінің, сәулет өнерінің дамығанын және б.з.д. ІV-ІІІ ғасырлардағы аймақ тұрғындарының күрделі діни сенімдері мен мифтерін байқаймыз.

Қазба жұмыстарын аяқтағаннан кейін зерттеушілер жерлеу дәстүрінің кейбір жақтарын қайта қалпына келтірді. Ежелгі көшпенділер даярлық жұмыстарынан кейін (қабір қазу, құрылыс материалдарын жеткізу және т.б.) қайтыс болған көсемді жерлейді.

Жерлеу камерасының табанына өңделген тастар төселініп, оның үстіне ағаш табытты қойған. Ол жылтырата тегістелген, шіріп кетпеуі үшін арнайы зат сіңірілген болуы керек.






Берелден табылғандар. Реставрация.
Кеспелтек табыттың өзі арнайы формада жасалған: жанынан қалың есілген арқанмен байлап қабірге түсіру үшін арнайы тесік-құлақшалар жасалған. Тегі “саркофаг” бір ғана көсемге арналған сияқты, бірақ кейіннен мұнда тағы бір мәйітті жерлеген, экспедиция ғалымдарының зерттеуі бойынша ол оның әйелі деген тұжырым жасалды.

Табытта бастары шығысқа қаратылған ер мен әйел мәйіті жатты. Ер адам тайпа көсемі болуы керек, екі бұрымын былғарымен қаптаған. Сот медициналық сарапшыларының тұжырымынша мәйіт 30-35 жастардағы ер адамдікі, өмірінің әр кезеңінде алған оның денесіндегі бірнеше сынықтар байқалды, ең соңғы жаралануы өлімге апарып соққан. Көсемнің денесі жер астында мәңгі сақталуы үшін бальзамдалған. Алдын ала жасалған қорытынды бойынша жерленгендердің жастары осы дәуірге аса үлкен болып есептелетін 50-60 жас аралығында.

Обаны тонаушылар ашып кеткендіктен, қабірдегі термоқалыптылық бұзылып, мумияға зақым келген.

Жерленгендердің ДНК-ларын алдын-ала зерттегенде ер мен әйелдің жақын туыстық белгілері шыққан. Әйел көсемнің анасы болуы да мүмкін. Табылған салтанатты-декорациялық қару-жарақтар мен ат әбзелдері – бұл билік пен байлықтың заттық символы, сонымен бірге жерленген адамның белгілі бір әлеуметтік дәрежесінің де белгісі. Алтын бұйымдар мәңгілік күннің көрінісі ретінде, оның иесінің тәңірлік мазмұнын көрсетеді.

Жерленгендерге інжу моншақпен кестеленген, жұқа қаңылтыр алтын жапсырмалар тігілген қымбатты киімдер кигізілген, жанына жапырақ алтынмен қапталған антропоморфтық мысық басы бар ағаштан бейнеленген сфинкстер қойылған. Қабірдің жанындағы шұңқырға жирен түсті 13 жылқы қойылған.

Өкінішке орай, тонаушылардың кесірінен, камерадағы және саркофагтағы ауа ылғалдылығының бұзылуына байланысты жерленгендердің денелері сақталмаған. Табыттың беті қақпақпен жабылған, оның төрт жағында алтын жалатқан қоладан жасалған төрт құс періште-сақтаушылардың бейнелері қойылған. Олар табыттың қақпағын жабу үшін жасалса да, сонымен бірге өлгендерді күзетушілердің символикалық мағынасына да ие болған. Өйткені, обаны ашу, саркофагті тонау (әсіресе көсемнің) тірі руластардың намысына тиетін қорлық болып саналған. Мүмкін, саркофагтың қақпағының сыртынан өсімдік әліптес бедерлермен жиектелген, шеті күдерімен көмкерілген киіз жабу жабылған болар. Табыттың жанында кішкене ағаш үстел қойылған, керамикалық үлкен және құрбандық ас пен сұйықты ішуге арналған қодас мүйізінен жасалған кішірек сауыттар қойылды. Жерлеу камерасы үш қатар жуан ағаш қақ жарылған, ұзынынан және көлденеңінен қойылған кеспелтектерімен көмкерілген. Камераның үстіне кеспелтектер салынып , оның беті қайың қабықтарымен жабылған.

Обаның жер астылық басты бөлігінің ерекшелігі ірі қойтастардан және шөгінділерден төселген төсеніштен тұруы. Кеуектіліктен тұратын жайылған төсеніштің ауа райының әртүрлі жағымды жылдық температура жағдайында табиғи суықты ұстап, мұздатып тұратын қасиеті бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет